Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бастауын Талас Алатауының солтүстік батыс беткейіндегі бұлақтардан басталатын Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылған жерінен алады. Азаттық (Азаттылық

Жабағылы (өзен)

  • Басты бет
  • Жабағылы (өзен)

Жабағылы – Арыс алабындағы өзен.

Жабағылы өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 36 км
Су алабының
ауданы
222 км²
Су алабы Арыс өзені
Өзендердің
су алабы
Сырдария
Су ағысы
Бастауы Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғалары
 • Координаттары 42°32′52″ с. е. 70°17′37″ ш. б. / 42.54778° с. е. 70.29361° ш. б. / 42.54778; 70.29361 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Арыс өзені
 • Координаттары 42°23′42″ с. е. 70°32′39″ ш. б. / 42.39500° с. е. 70.54417° ш. б. / 42.39500; 70.54417 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°23′42″ с. е. 70°32′39″ ш. б. / 42.39500° с. е. 70.54417° ш. б. / 42.39500; 70.54417 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Түркістан облысы Түлкібас ауданы
 Басқа мағыналар үшін Жабағылы деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Түркістан облысы Түлкібас ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 36 км, су жиналатын алабы 222 км2.

Бастауы

Бастауын Талас Алатауының солтүстік батыс беткейіндегі бұлақтардан басталатын Сарқырама, Құрсай, Көксала жылғаларының қосылған жерінен алады. Азаттық (Азаттылық) ауылы маңында Арыс өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Алатау, Кіші Ақсу таулары аралығындағы арнасы тік жарлы тар шатқалмен ағып, Жабағылы ауылы тұсында ағысы баяулап, бірнеше салаларға тармақталады. Қар, жер асты суларымен толығады. Егін, мал суаруға пайдаланылады.

Атау сыры

Жабағылы өзені туралы аңыз: Ертеректе, жаугершілік заманда тау аңғарларын паналап жаудан тығылған елден бір жылдан соң хабар алмақ болып шыққан іздеушілердің алдынан жабағы кездесіпті. Содан сол жердің де, өзеннің де аты "Жабағылы" атанып кеткен деседі.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 17, 2026

    Кішкентай (күй)

  • Сәуір 08, 2026

    Рене Декарт

  • Наурыз 10, 2026

    Сөйлем мүшелері

  • Сәуір 22, 2026

    Адай (айрық)

  • Наурыз 12, 2026

    Қасым хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары