Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарағанды облысының Қарқаралы, Павлодар облысының Баянауыл, Май аудандары жерімен ағады. Атауы терістікке, солтүстікке қарай ағатын өзен деген ұғымды білдіреді.

Түндік (өзен)

  • Басты бет
  • Түндік (өзен)

Түндік – Ертіс алабындағы өзен.

Түндік өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 305 км
Су алабының
ауданы
10100 км²
Су алабы Ертіс алабы
Су ағысы
Бастауы Кешубай, Қоңыртемірші таулары
 • Координаттары 49°05′58″ с. е. 76°17′46″ ш. б. / 49.09944° с. е. 76.29611° ш. б. / 49.09944; 76.29611 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қарасор көлі
 • Координаттары 51°04′45″ с. е. 77°25′56″ ш. б. / 51.07917° с. е. 77.43222° ш. б. / 51.07917; 77.43222 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°04′45″ с. е. 77°25′56″ ш. б. / 51.07917° с. е. 77.43222° ш. б. / 51.07917; 77.43222 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Қарқаралы, Павлодар облысы Баянауыл, Май аудандары

Мазмұны

Географиялық орны

Қарағанды облысының Қарқаралы, Павлодар облысының Баянауыл, Май аудандары жерімен ағады. Атауы терістікке, солтүстікке қарай ағатын өзен деген ұғымды білдіреді. Ұзындығы 305 км, су жиналатын алабы 10100 км2.

Бастауы

Қарқаралы ауданындағы Кешубай мен Қоңыртемірші тауларының солтүстік баурайларынан басталып, Май ауданындағы Қарасор көліне құяды.

Гидрологиясы

Жоғарғы ағысында аңғарының ені 0,2 - 0,3 км, орта ағысында 1-2 км, жағасы көбіне жарлы (1-2 м). Төменгі ағысында аңғары 7-10 км-ге дейін кеңейеді. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Ақтастық аулының тұсында 0,4 м3/с.

Негізгі салалары Ақжарық (37 км), Қызылащы (48 км), Сарыбұлақ (21 км), Ащышиөзек (78 км), Егіндібұлақ (21 км), Күндік (10 км), Жоғарғы Қарасу (30 км), Төменгі Қарасу (35 км), Жарқайың (17 км), Бала Түндік (67 км). Алабы жайылым, жайылмасы шабындық. Жағаларындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Шабындықты, жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Түрік қағандығы

  • Наурыз 21, 2026

    Қыстырма сөз

  • Сәуір 12, 2026

    Антигитлерлік коалиция

  • Сәуір 05, 2026

    Шарбақты ауданы

  • Сәуір 08, 2026

    Мемлекеттік бюджет

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары