Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Үлгі:Infobox writer Көпішев Әшірбек (30.4.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданы Керу аулы) – жазушы-публицист, Қазақстан Республикасы Баспа және полиграф

Әшірбек Көпішев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Көпішев Әшірбек (30.4.1947 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауданы Керу аулы) – жазушы-публицист, Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын “Қазақстан пионері” (“Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер болып бастады. “Лениншіл жас” (“Жас алаш”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1970 – 77), “Пионер” (“Ақ желкен“) журналында жауапты хатшы (1977 – 87) қызметтерін атқарған. “Арай – Заря” журналының тұңғыш бас редакторы (1987 – 94), “Қазақстан теледидары мен радиосы” респупбликалық корпорациясының директоры, кейіннен президенті болды (1994 – 96). 1996 жылдан “Өнер” баспасының бас директоры. Бірнеше кітаптары “Дөңгеле, күн, дөңгеле” (1983), “Таудан түскен тұман” (1985), “Бетқайнардың үкілі қамысы” (2003), “Көк аспанның әміршісі” (2003), “Құмайкөк” (2005), “Құмайкөктің көк аспаны” (2007) жарық көрген. Көпішев Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы” медалімен марапатталған.

Сілтемелер

Жоғары