Жоғары шекті — Орта жүз Арғын тайпасының рулар бірлестігі. Шежіре деректері бойынша, Арғын ішіндегі Тоқал арғын атанған тармақтын бірі рулық таңбасына қарай Жоғары шекті, екіншісі Төмен шекті атанған. Жоғары шектіге Саржетім, Шақшақ, Сомжүрек, Айдарке, Анай сияқты алар кіреді. Олар Қазан төнкерісіне дейін негізінен Торғай уезін мекендеген. Олардың рулық ұраны — Ақжол (бүкіл Арғын тайпасының ұранымен бірдей)..
Тұлғалар
- Бабас Бурабайұлы Айдарке
- Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова Айдарке
- Үркімбай би Айдарке
Санат:
- Қазақ рулары