Жеңіл өнеркәсіп — халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты- тұрғындардың әдемі, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары тар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы "шешімін таппаған" сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп — материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін , экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі және өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала — мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, киіз шығарады. Оларды өсімдік (мақта зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Сыртқы сілтеме
- Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы(қолжетпейтін сілтеме)
- Жеңіл өнеркәсіп