Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. Теңіз көлінің оңтүстік-батысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен 315,2 м биіктікте орналасқан.

Қыпшақ (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қыпшақ
Морфометрия
Өлшемі10,5 × 8,5 км
Ауданы47 км²
Жағалау сызығының ұзындығы37,2 км
Су алабы
Суды жинау ауданы3151 км²
Құятын өзендерҚыпшақ, Аққошқар, Лизылысай
Орналасуы
50°08′41″ с. е. 68°22′55″ ш. б. / 50.14472° с. е. 68.38194° ш. б. / 50.14472; 68.38194 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°08′41″ с. е. 68°22′55″ ш. б. / 50.14472° с. е. 68.38194° ш. б. / 50.14472; 68.38194 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АуданНұра ауданы
Қыпшақ
Қыпшақ (көл) (Қарағанды облысы)
Қыпшақ

Қыпшақ, Әжібайсор – Нұра алабындағы көл.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде. Теңіз көлінің оңтүстік-батысында 25 км жерде, теңіз деңгейінен 315,2 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы

Ауданы 47,0 км2, ұзындығы 10,5 км, ең енді жері 8,5 км, жағалық сызығының ұзындығы 37,2 км. Су жиналатын алабы 3151 км2. Көл жағалауы жайпақ, батпақты. Суы тұзды. Көлге Қыпшақ, Аққошқар өзендері құяды. Төңірегінің көпшілік жері жазда сорға айналады. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Жауын-шашын мол жылдары Қыпшаққа Қарақойын, Лизылысай өзендері құяды да аумағы 64,7 км2-ге жетеді. Алабы – жайылым.

Жоғары