| Аңдасай қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 19 мың га |
| Құрылған уақыты | 1966 жылы |
| Орналасуы | |
| 45°09′07″ с. е. 72°18′30″ ш. б. / 45.15202176° с. е. 72.30842091° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°09′07″ с. е. 72°18′30″ ш. б. / 45.15202176° с. е. 72.30842091° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Жамбыл облысы |
| Аудан | Мойынқұм ауданы |
Аңдасай қорықшасы – зоологиялық қорықша.
Географиялық орны
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігі мен Бетпақдаланың оңтүстігінде орналасқан.
Құрылуы
Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу-Іле тауларындағы арқар, құлан, таутеке, елік, жабайы шошқа, ақ бөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 жылы құрылған. Аумағы 1 млн. га.
Фаунасы
Жер бедері [қ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс аумақты тақырлар болғандықтан жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпі, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік т.б.) тіршілік етеді. Аңдасай қорықшасы Оңтүстік Қазақстандағы ақ бөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (Альберт қызғалдағы, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Жамбыл облысы географиясы

