Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ұлттық құрылтай — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Органның басты мақсаты — қоғамдық бірігуді (консолидацияны) одан

Ұлттық құрылтай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұлттық құрылтай
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты 14 маусым 2022 жыл
Оның алдындағы мекеме Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі
Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мүшелер саны 117
Жұмыс органы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ресми сайты
quryltai.kz/kk/

Ұлттық құрылтай — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Органның басты мақсаты — қоғамдық бірігуді (консолидацияны) одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау, сондай-ақ жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету.

Ұлттық құрылтай өз қызметінде Конституцияны, заңдарын, Президент актілерін және тиісті Ережені басшылыққа алады. Органның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие болғанымен, мемлекеттік органдар оларды қарауға және қабылданған шаралар туралы есеп беруге міндетті.

Қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Отырыс заңды күшке ие болуы үшін мүшелердің жалпы санының кемінде жартысы қатысуы тиіс. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер Құрылтайдан түскен ұсыныстарды қарастырып, қабылданған шаралар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етуі тиіс.

Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуші жұмыс органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Тарихы

Ұлттық құрылтайды құруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурызда жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында ұсынды. Ол 2019 жылдан бастап жұмыс істеген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына келді.

2022 жылғы 14 маусымдағы Президент Жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды.

2026 жылғы 20 қаңтарда соңғы отырысы өтіп, жұмысын тоқтатты. 2026 жылғы жаңа конституция жобасы конституциялық референдумда қолдау тапса, Ұлттық құрылтай орнына конституция деңгейінде бекітілген Қазақстан халық кеңесін құру жоспарланған.

Хронологиясы

РетіӨткізілген уақытыӨткізілген орныТақырыбы
I отырысы16 маусым 2022Жезқазған қаласы
II отырысы17 маусым 2023Түркістан қаласыӘділетті Қазақстан — Адал азамат
III отырысы15 наурыз 2024Атырау қаласыАдал адам — Адал еңбек — Адал табыс
IV отырысы14 наурыз 2025Көкшетау қаласы
V отырысы20 қаңтар 2026Қызылорда қаласы

Қабылданған шешімдер

I Ұлттық құрылтайда Президент Қ.-Ж. Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсын­ды.

II Ұлттық құрылтайда Президент Тоқаев «Қазақстанның Халық жазушысы» атағын қайтару туралы ұсынысты қолдады. Сондай-ақ Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

III Ұлттық құрылтайда Президент Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдады.

V Ұлттық құрылтайда Президент Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобында талқыланған негізгі ұсыныстарды таныстырды. Оның ішінде жаңа бір палаталы парламент Құрылтай деп аталатынын, сонымен қатар Вице-президент лауазымы қайта енгізілетінін хабарлады. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай жұмысын тәмамдайтынын айта келіп, орнына Қазақстан халық кеңесі атты жаңа мемлекеттік орган құрылатынын мәлімдеді. Конституцияның біраз бөлігі өзгеріске ұшырайтындықтан, арнайы Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылданды.

Құрамы

Ұлттық құрылтай басшылығы

  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлттық құрылтайдың төрағасы.
  • Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төрағаның орынбасары.
  • Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, төрағаның орынбасары.
  • Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі, хатшы.

Ұлттық құрылтай мүшелері

  1. Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  2. Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы.
  3. Алтынбеков Бекзат Құмарұлы – «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы.
  4. Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті.
  5. Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  6. Әбішев Ғазиз Серікұлы – Саяси шолушы.
  7. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы – Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары.
  8. Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Baytaq» партиясының төрағасы.
  9. Әскеров Эмин Халилұлы – ҚР Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, «Green Tal» жобасының негізін қалаушы.
  10. Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – Ғарышкер, Халық қаһарманы.
  11. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
  12. Әшімбаев Данияр Рахманұлы – Саясаттанушы.
  13. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  14. Байрамуков Ислам Ильясович – «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры.
  15. Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы.
  16. Байтуов Біржан Ғаниұлы – Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  17. Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  18. Басин Вадим Борисович – Қазақстанның Еңбек Ері, "QARMET" АҚ бас директоры.
  19. Баталов Райымбек Әнуарұлы – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.
  20. Башимов Марат Советұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  21. Бәйменов Әлихан Мухамедияұлы – Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы.
  22. Бексейітова Бақыт Мақанқызы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  23. Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  24. Больгерт Евгений Андреевич – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
  25. Борашов Раббым Байбозұлы – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, дара кәсіпкер.
  26. Буларов Лугмар Харкиевич – ҚХА мүшесі, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
  27. Бүкіров Төлеген Нұрмағанбетұлы – Жезқазған қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  28. Газдиева Белла Асланбековна – Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола филиалының директоры.
  29. Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы – Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры.
  30. Гринько Кристина – Тележүргізуші, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің журналисі.
  31. Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Жазушылар одағының мүшесі.
  32. Дандығараева Бибігүл – «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры.
  33. Дәуіталиев Қазыбек Нұрсейітұлы – Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  34. Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлы – ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
  35. Дәулетбаева Әйгерім Маратбекқызы – Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Жастар мүгедектер одағы» облыстық ҚБ төрағасы.
  36. Дементьева Наталья Григорьевна – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  37. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры.
  38. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  39. Ерсайынұлы Уайс – Қоғам қайраткері, Ақтау қаласы мәслихатының депутаты.
  40. Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы – Қазақстан халық партиясының төрағасы.
  41. Жақанов Илья Жақанұлы – Композитор, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  42. Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы – «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті.
  43. Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  44. Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы – Математик ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті.
  45. Жылқышиев Байділда – Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  46. Зәкиева Динара Болатқызы – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
  47. Избасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мұнай-газ кешенінің ардагері.
  48. Илеуова Гүлмира Тоқшалыққызы – «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ жетекшісі.
  49. Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  50. Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті.
  51. Көпжасарұлы Ерқанат – «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының журналисі, тележүргізуші.
  52. Кузовлева Ольга Григорьевна – Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  53. Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы – ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті.
  54. Қадыр Раиса Сайран – Баспагер.
  55. Қадыров Данияр Рамазанұлы – «Отандастар» қорының президенті.
  56. Қайдарова Диляра Радикқызы – Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры, ҚР онкологтары қауымдастығының президенті.
  57. Қалиев Талғат Бегімұлы – Саясаттанушы.
  58. Қамзабекұлы Диқан – "Egemen Qazaqstan" басылымының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі.
  59. Қарабасова Лаура Шапайқызы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры.
  60. Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Talbesik» көпбалалы аналар одағы» ҚБ жетекшісі.
  61. Қошанов Ерлан Жақанұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы.
  62. Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі.
  63. Құлжанов Мақсұт Кәрімұлы – «Республикалық медициналық палата» ҚБ басқарма төрағасы.
  64. Құлкенов Мереке Әбдешұлы – «Қазақстан жазушылар одағы» РҚБ төрағасы.
  65. Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы – Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА толық мүшесі.
  66. Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
  67. Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы – Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  68. Мамбетбай Қайрат Жолдыбайұлы – Қоғам қайраткері, дінтанушы.
  69. Мурадов Ахмет Сейдарахманович – «Вайнах» қауымдастығының тең төрағасы.
  70. Мұстафина Әлия Құсайынқызы – ҚР Президенті Архивінің директоры.
  71. Нурумов Шаймардан Усаинович – Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы.
  72. Нұрғазиева Бану Ғаниқызы – Қазақстан Азаматтық альянсының президенті.
  73. Нұржан Светқали Сабырғалиұлы – Ақын, филолог.
  74. Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – Саясаттанушы.
  75. Нұров Қанат Ілияұлы – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.
  76. Нұртаза Самат Русланұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  77. Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы – Қазақстан мүгедектер конфедерациясының төрағасы.
  78. Омарова Айман Мұратқызы – Адвокат, «Құқық қорғаушылар» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы.
  79. Павленко Дмитрий Иванович – Қостанай автомобиль көлігі колледжінің басшысы.
  80. Палинка Надежда Викторовна – «Aзаттық рухы» агенттігінің тілшісі.
  81. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжілістегі фракция жетекшісі.
  82. Пириев Аскер Аллавердиевич – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы.
  83. Пономарев Сергей Михайлович – Мәжіліс депутаты.
  84. Пулатов Шерзод Аббозович – Астана қаласы «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы.
  85. Рау Альберт Павлович – ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
  86. Рожин Максим Николаевич – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  87. Рысмамбетов Расул Ибрагимұлы – Қаржыгер, NAC Analytica төрағасы.
  88. Сабильянов Нұртай Салихұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  89. Саиров Ерлан Бияхметұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  90. Сарым Айдос Әміроллаұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  91. Сатыбалды Азамат – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер.
  92. Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – «Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры.
  93. Сәбден Оразалы Сәбденұлы – Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы.
  94. Сәбитова Айнұр Әлімханқызы – «Жақсылық акселераторы: Ізгілік елшісі» ұлттық еріктілер қозғалысы» ҚБ жетекшісі.
  95. Сүлеймен Олжас Серікбайұлы – Жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшысы, Team Qazaqstan жобасының жетекшісі.
  96. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы – Пара жеңіл атлетикадан спортшы.
  97. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  98. Сұраған Дурвудхан – Математик, ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академигі.
  99. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тандем» телерадиокешені» ЖШС бас директоры.
  100. Танысбай Ләззат Мұратқызы – «Еуразия» бірінші арнасының» бас директоры.
  101. Тау Сырымбек – «Respublica» партиясының тең төрағасы, «DACO-MOTORS» ЖШС директоры.
  102. Толықбай Мақсат Мәлікұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  103. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры.
  104. Тұрсынғожаев Қайсар Болатбайұлы – Білім беру мәселелері бойынша сарапшы.
  105. Усанова Руфина Касымовна – «Туған тел» Алматы облыстық татар мәдени орталығы» ҚБ төрағасы.
  106. Фазылжанова Анар Мұратқызы – А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры.
  107. Худяков Сергей Герольдович – Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  108. Чеботарев Андрей Евгеньевич – «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры.
  109. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
  110. Шаталов Никита Сергеевич – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  111. Шашкова Любовь Константиновна – Ақын, аудармашы, әдебиет сыншысы.
  112. Шибұтов Марат Мақсұмұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, саясаттанушы.
  113. Шин Юрий Германович – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
  114. Шұқыжанова Алма Сайдахметқызы – Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейінің мұғалімі.
Жоғары