Жайлау Масанов (26.3.1938 жылы туған, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор (1991).
- 1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
- 1961—92 жылы Қазақстан ҒА-нда әр түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Ғылыми жұмысының тақырыбы жерасты құрылысының сейсмологиялық тұрақтылығына бағытталған. 115-тен аса ғылыми еңбегі жарияланған. 8 ғылым докторын, 15 ғылым кандидатын даярлаған.
Санаттар:
- 26 наурызда туғандар
- 1938 жылы туғандар
- Отырар ауданында туғандар
- Техника ғылымдарының докторлары
- Қазақстан механиктері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері