| Арқат тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 15 км |
| Ені | 5-7 км |
| Биіктігі | 914 м |
| Орналасуы | |
| 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°04′25″ с. е. 80°10′15″ ш. б. / 49.07361° с. е. 80.17083° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Арқат тауы – Абай облысы Жарма ауданы жеріндегі тау. Оңтүстік-батысында Қарағайлы тауымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 914 м. Батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км.
Жер бедері
Солтүстік беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңтүстігі тіктеу келген. Кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.Семенов Тянь-Шанский, Н.М. Пржевальский, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич) ерекше таңырқатқан. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары Арқат тауының көлдерінде (Қопа, Аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан.
Геологиялық құрылымы
Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр.
Өсімдігі
Шалғынды қызыл қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Жарма ауданы таулары

