Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. / 54.94306; 68.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е

Мамлют ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Мамлют ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Мамлют

Ауылдық округтер саны

11

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

32

Қала саны

1

Әкімі

Елена Фёдоровна Степаненко

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Мамлют қаласы, Мұқанов көшесі, №12

Тарихы мен географиясы
Координаттары

54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. / 54.94306; 68.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°56′35″ с. е. 68°30′00″ ш. б. / 54.94306° с. е. 68.50000° ш. б. / 54.94306; 68.50000 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

4 100 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 530 адам (2023)

Тығыздығы

4,75 адам/км²

Ұлттық құрамы

орыстар (58,54%)
қазақтар (25,2%)
татарлар (6,87%)
немістер (3,53%)
украиндар (1,96%)
беларустар (0,73%)
басқа ұлт өкілдері (3,17%)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71541 xxxxx

Автомобиль коды

15

Мамлют ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Мамлют ауданы

Мамлют ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1932 құрылған. Аудан аймағы 4,1 мың шаршы километр. Орталығы – Мамлют қаласы.

Географиялық орны, жер бедері

Батысында облыстың Жамбыл, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар, оңтүстiгiнде Есiл аудандарымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектесiп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл даласының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңтүстік-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа температурасы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солтүстік жағын ормандар, оңтүстік-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді.

Халқы

19391959197019791989199920092021
 2453228751408133303732660291102136917090

Тұрғындары 17 845 адам (2019).

  • Ұлттық құрамы: орыстар (58,35%), қазақтар (25,17%), татарлар (6,76%), немістер (3,60%), украиндар (2,14%), беларустар (0,72%), литвалықтар (0,40%), әзербайжандар (0,31%), поляктар (0,17%), чуваштар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (2,19%).

Әкімшілік бөлінісі

33 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2009)
Андреев ауылдық округіАндреевка ауылы31121
Белов ауылдық округіБелое ауылы41305
Бике ауылдық округіБике ауылы3729
Воскресенов ауылдық округіВоскресеновка ауылы31426
Дубровин ауылдық округіДубровное ауылы41725
Краснознамен ауылдық округіКраснознамённое ауылы31498
Қызыләскер ауылдық округіҚызыләскер ауылы3867
Леденёв ауылдық округіЛеденёво ауылы2792
Мамлют қалалық әкімдігіМамлют қаласы17478
Новомихайлов ауылдық округіНовомихайловка ауылы42443
Пригородный ауылдық округіПокровка ауылы11046
Станов ауылдық округіАфонькино ауылы2939

Экономикасы (2009 жылдың қорытындылары)

Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 962,2 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 109,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 4 629,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 28,7% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 13,9 мың адам жұмыс iстейдi.Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 24,4% өсiп, 40 315 теңгенi құрады. Нақты жалақы 16,2% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 686 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 530 теңге құрады.

Жоғары