| Қотыркөл болысы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Енеді | 9 ауыл, 1730 түндік |
| Тарихы мен географиясы | |
Қотыркөл болысы (бұрын Есенбақты-керей, Майлы-балта) — Ақмола облысы Көкшетау уезіндегі көшпелі қазақ болысы.
Тарих
Котыркөл болысы 18?? жылы Майлы-Балта-Атығай болысы мен Есен-Бақты-Керей болыстарының бөліктерін біріктіруден пайда болды.
| ''ҚОТЫР байдың ауылы "Ертеде, Ақсары Керей, оның ішінде Абыз - Шегір, одан бері Нарке - Бапаттың бірнеше ауылдары, Жабағы, Қотыр, Өтей, Қатық т.б. қазіргі Қотыр көлінің жағасында отырған елдер екен. Патшалық Ресейдің колониялық саясаты, қазақтың солтүстігін меңгеріп алған соң, өзінің саясаты кеңейтіп жаю үшін, бірде - бірде қазақтың шұрайлы жерлеріне, өзінің сенімді халқын, казак - орыстарды керегінше қоныстандыра бастады. Көкше - Бурабайдың түстік беті өте көркем орманды, қарағайлы көлді, көзді бұлақты жерлерде. Қотыр көлі, Жөкей көлінің маңында бұрын Керейдің Нарке - Бапат бөлімдері, Қотыр Жабағы, Қатық т.б. ауылдар отыратын. 1845 жылдан бастап осы елдерді ол жерлерден ығыстырып, Жөкей көлінің маңына көшірді. Бұл жерге, Қотыр ауылының жұртына, көлдің жағасына 50 үй казак - орыстарды орналастырды. Селоның атын "Казачья станица Котуркуль" деп атады. Бұл кезде, осы маңдағы елдер Атығай - Керей, қалың елдің қоғамын "Қотыркөл болысы" деп атады. Міне содан бері, селоның аты Қотыркөл де, болыстық қоғамның аты "Қотыркөл болысы" болып көп жылға келді. Қотыр ауылы бұрынғы қонысынан ауған соң, Жөкей көлінің түстік бетіне орналасып, бертін 1929 жылы колхоздастыру уақытында ол орыннан көшіп, Степняк алтын зауытының бір бөлімі Ермовкенің қасында бұрынғы Қонды, Көшімбай ауылының жұртына орналасып, қазір Қотырдың немере - шөберелері Жолдан балалары сол жерде отыр. Ал, бұрынғы Қотыркөл болысы аты бертінге дейін бірнеше атпен келіп, бұрынғы жер көлемінен жұрдай болып, көрші аудандарға бөлініп, қазір Еңбекшілер ауданы аталып отыр." Шежіре: Есенбақты -> Абыз -> Қазыке -> Байарыстан -> Майбасар -> Манақа -> ҚОТЫР. |
Халық
Шежіре
Ру басы — Берді (Бек Берді батыр).
Аумағы
Тәттімбет, Қайрақты, Жаңасу өзендері; Бұлақтар — Баймырзабұлақ, Ескібұлақ, Ақтөбе, Тастыөзек, Ұзынбұлақ, Қайнарбұлақ, Оразбұлақ, Сарыбұлақ, Өзен, Ағар-Бұлақ, Жартас, Айғақ. Бөрілі, Жөкей көлдері. Қаражар, Шолқарбұлақ, Доңғалақкөл, Жартасбұлақ, Торайғыр-Шалқар, Қопкөл, Шабаққала, Жыландыкөл. Шатқалдар – Көксал, Алатай, Терісқыстау, Шоққызыл, Баймырзақара, Ерубай-Шілік, Ұзынқарағай, Ортаөлең, Қарақыстау, Тасшоқы, Жарқайың.
Әкімшілік бөлініс
Ол 8 әкімшілік ауылға бөлінді :
| Әкімшілік ауыл аты | Киіз үй саны (1887) 1878 | Киіз үй саны (1905) Щербина, МПЗК | Қожалық ауылдары саны | Ру бөлімдері |
|---|---|---|---|---|
| 1 | 153 | 19 | Абыз | |
| 2 | 126 | 13 | Инегелді, Абыз, Берді, Тоқымбет, Құлтаба | |
| 3 | 156 | 17 | Кенжеқара, Бертіс, Әжіболат | |
| 4 | 193 | 18 | Инегелді, Берді, Амангелде, Түгөл, Қоңыр, Тәуке, Жамансары, Сәбике | |
| 5 | 244 | 25 | Қырғыз-Елчке, Елтоқ-Көку, Үйсін | |
| 6 | 239 | 19 | Сары, Сүйіндік-қара, Елтоқ | |
| 7 | 227 | 31 | Қараменде, Тұйғын, Бабақ | |
| 8 | 305 | 33 | Уәлихан, Итқара, Ақкиік, Жарымбет, Қадыр, Сары, Сағындық, Алшын, | |
| 9 | 174 | 13 | Қырғыз | |
| Барлығы | 1817 |
Басшылары
- Тоқсанбай Алшыбеков, кандидаты Өмірқұл Тоғалақов.
- Ауыл билері: Баба Балбыров, Кенжесары Құнанбаев, Тілеп Саябаев, Битан Жантелесов, Баймақ Базаров, Оразәлі Майлыбаев, Көбен Ескенин, Әбіш Бекбаев, Сүлеймен Бақин, Сәтбай Раев, Мұқан Байғожин жəне Бекмағамбер Байсарин.
- Ақмола облысы болыстары