| Жаман Қарасай өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 55 км |
| Су алабы | Каспий теңізі алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Көлеңкелі тауы |
| Сағасы | Молаорпа қыстауының батысындағы ойысты аңғарға жетпей тартылып қалады |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы |
Жаман Қарасай – Каспий теңізі алабындағы өзен.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 55 км шамасында.
Бастауы
Көлеңкелі тауының солтүстік-батыс беткейінен ағатын Ақкенттік бұлақ суының қосылуынан түзіліп, Молаорпа қыстауының батысындағы ойысты аңғарға жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы
Арнасы тар, құмдақты. Қар, жаңбыр суларымен толығады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Бейнеу ауданы өзендері