Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Су шаруашылығы— жер үсті және жер асты суларын экономиканың түрлі салаларында пайдалану шараларын белгілеп, оларды іске асыратын, сондай-ақ суды қорғау және оны

Су шаруашылығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
"Су"

Су шаруашылығы— жер үсті және жер асты суларын экономиканың түрлі салаларында пайдалану шараларын белгілеп, оларды іске асыратын, сондай-ақ суды қорғау және оның зиянды әсерімен күресумен айналысатын халық шаруашылығы саласы. Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, коммуналдық шаруашылықты сумен қамтамасыз етуге, жерді мелиорациялау бағдарламасын орындауға, гидротехника мен су көлігін, балық шаруашылығы мен құс шаруашылығын өркендетуге, денсаулық сақтау ісін нығайтуға септеседі. Қазақстанда үлкенді-кішілі 85 мың өзен, уақытша сай-салалар (бұлардың жалпы үзындығы 720 млн км), 48 мыңнан астам көл (ауданы 36 мың км², Каспий және Арал теңіздерін қоспағанда) бар. Ірі өзендерде кеме қатынайды. Өзен суының көп жылдық орташа ресурсы 100 км3 шамасында, оның 56 км3-і Қазақстанда қалыптасады. Ол республика аумағында біркелкі таралмаған. Жалпы алғанда республика суға тапшы. Республикада су ресурстарын реттеу 1993 жылы 31 наурызда қабылданған № 2061—XII және Қазақстан Республикасының 24.12.1996 жылы № 58-1, 4.05.1999 жылы № 381-1, 23.01.2001 жылы № 151-И және 09.04.2025 № 178-VIII ЗРК заңдарымен толықтырылған "Су Кодексіне" сәйкес жүргізіледі. Оған дейін 1972 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі бекіткен "Су кодексі" қолданылып келген болатын.

Су шаруашылығы құрылысын жобалау

Су шаруашылығы құрылысын жобалау— белгілі бір құрылыс объектілеріне қатысты инженерлік-гидротехникалық тұжырымдамалар жинағы. Су шаруашылығы құрылысын жобалаудың құрамына жоба мәтіні, сұлбасы, графикалық және сметалық құжаттамалар және т.б. жатады.

Су шаруашылық тепе-теңдік

Су шаруашылық тепе-теңдік — 1) белгілі бір кезеңде (жыл, маусым) су көздеріне келетін су көлемі мен оны әртүрлі салаларда пайдалану және молшылық пен тапшылық су мөлшерінің өзара теңгерімін көрсететін жүйе; 2) бассейндегі немесе қарастырылып отырған аумақтағы су ресурстарын олардың экономика салаларын дамытудың түрлі деңгейлерінде пайдалануымен салыстыру нәтижелері.

Су шаруашылық есептеулер

Су шаруашылық есептеулер— әрбір шаруашылыққа қажет болатын су мөлшерін, су қоймасының топографиялық көрсеткіштері негізінде, оның су сыйымдылығын сумен қамтамасыз етілуін, өзен суының құбылмалылығын, сонымен қатар су қашыртқы аркылы ағызылып жіберілетін судың мөлшерін анықтауда қолданылатын гидрологиялык есептеулер.

Су шаруашылық имараттары

Су шаруашылық имараттары — су ресурстарын реттеу, пайдалану, қорғау және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар судың зиянды әсеріне қарсы күресу үшін табиғи ортада және су тоғандарда жасанды жолмен салынған каналдар, су қоймалар, су құбырлар, гидротехникалық имараттар мен құрылғылар.

Су балансының теңдеуі

Су балансының теңдеуі - бұл судың түсуі, оның шығыны мен белгілі бір аумақтағы немесе су қоймасындағы су қорының өзгеруі арасындағы байланысты көрсететін математикалық өрнек.

Су шаруашылық шаралары

Су шаруашылық шаралары— бұл халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, су ресурстарын реттеуге және қоршаған ортаны судың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық және экологиялық шаралар кешені.

Жоғары