Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қайшыбаев Смағұл - (9.10.1935, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 2007, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1981). Арғын тайпасы

Қайшыбаев Смағұл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қайшыбаев Смағұл - (9.10.1935, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 2007, Алматы қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1976), профессор (1981). Арғын тайпасы Қаракесек руының Шаншар бұтағынан.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1958, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында кіші ғылыми қызметкер (1958), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1966–73), Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина академиясы) кафедра меңгерушісі, декан (1977), проректор (1984–86) қызметтерін атқарды. «Вегетативно-сосудистые и нейрогуморальные нарушения при вибрационной болезни у горнорабочих» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Жоғары