| Молдаван тілі | |
| Өз атауы: | Moldavian language |
|---|---|
| Елдер: | Молдова |
| Сөйлеушілер саны: | 145 895 (2010), 87 957 (2020) |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | кириллица |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | мол 460 |
| ISO 639-1: | mol |
| ISO 639-2: | ron, rum, mol және |
| ISO 639-3: | mol, және ron |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Молдаван тілі (Moldavian language) — үндіеуропалық отбасының роман тармағының балқан-роман ішкі тобына кіреді, номинативті құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Молдова Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994; 1996).
Референтті халық
Референтті халық: молдовандар; өз атауы – молдовень.
Географиялық таралуы
Негізінен Молдова, Приднестровьеде қоныстанған. Сөйлеушілер саны: Молдовада 4 миллионнан астам тұрғындар тұрады, оның ішінде 2,66 миллионға жуығы молдаван тілінде сөйлейді.
Диалектісі
Молдаван тілі төрт сөйленіс тобымен ұсынылған: орталық, оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс.
Жазуы
Молдаван жазуы тәуелсіз Молдова мемлекеті құрылғаннан бері (1359) кириллица негізінде пайда болып, дамып келеді. Бұл графика (шамалы үзіліспен − 1932–1939 жылдары латын әліпбиі қолданылды) 1989 жылға дейін қолданылды. Сол кезде молдаван тілінің жазуын латын графикасына көшіру туралы шешім қабылданды. Приднестровьеде орыс (кириллица) графикасын қолдануды жалғастыруда.
- Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер
- Молдован тілдері