| Нағи Қалтайұлы | |
| |
| Туған күні | 27 қазан 1987 (38 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек қыстағы ҚазКСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | «Qazsport» телеарнасы директоры |
| Әкесі | Қалтай Бақытбекұлы |
| Анасы | Рыскүл Төребекқызы |
| Жұбайы | Аида Тлеуханқызы |
| Балалары | Айсафи Нағиқызы Қалтай |
| Марапаттары мен сыйлықтары | Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі |
| Сайты | |
Нағи Қалтайұлы Бақытбеков (27 қазан 1987 жылы) Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек қыстағында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazsport» телеарнасы директоры.
Еңбек жолы
- 2005 - 2006 жж. «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Қызылорда филиалының директоры, «Қазақстан КВН Одағы» Қызылорда КВН филиалының директоры;
- 2006 - 2008 жж. «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық қозғалысының жетекшісі;
- 2008 - 2011 жж. «Қазақстан КВН Одағы» РМҰ атқарушы директоры;
- 2011 - 2015 жж. «Астана Қаласының Көңілді тапқырлар театрлары» ГККП театры әкімшісі, продюсері;
- 2015 - 2018 жж. «KAZFOOTBALL.KZ» ақпараттық футбол порталы директоры;
- 2018 - 2020 жж. Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаменті директоры;
- 2020 жылдың 8-маусымынан «Qazsport» телеарнасы директоры.
Марапаты
- Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі (2021 ж.).
Санаттар:
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 27 қазанда туғандар
- 1987 жылы туғандар
