



Нобель комитеті – Нобель сыйлығы лауреаттарын іріктеу жұмыстарының басым көпшілігіне жауапты іскерлік орган. Әр Нобель сыйлығы үшін арналған бес Нобель комитеті бар.
Төрт Нобель сыйлығы үшін, физика, химия, Физиология немесе медицина, және әдебиет комитеттер сәйкес институттардағы құзырлы жұмыс органдары, олар – Швеция Корольдік ғылым академиясы, Каролинска институты, және Швеция академиясы. Бұл төрт комиттер тек қана лауреаттар үміткерлерін ғана ұсынады, ал соңғы шешімді бұдан да үлкен ассамблея қабылдайды: физика, химия, және әдебиеттен , толықтай академия, ал физиология мен медицина сыйлығы үшін сонымен қатар Каролинска институты Нобель Ассамблеясының 50 мүшесі қатысады.
Бесінші Нобель комитеті Норвегиялық Нобель комитеті Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына жауапты, оның мәртебесі басқашалау, өйткені ол жұмыс органымен қатар сыйлық тапсыруға да шешім қабылдау органы болып табылады.
Альфред Нобель құрметіне арналған экономикалық ғылымнан Sveriges Riksbank сыйлығы лауреаттарын анықтау жұмысы да Нобель сыйлығындағыдай өтеді. Сәйкес комитет Альфред Нобель құрметіне арналған экономикалық ғылымнан Sveriges Riksbank сыйлығы комитеті деп аталады.
- Нобель сыйлығы