| Малай архипелагы малайша Kepulauan Melayu , индон. Kepulauan Melayu, порт. Arquipélago Malaio, ис. Archipiélago malayo, ағылш. Malay Archipelago | |
![]() | |
| Физикалық картасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Аралдар саны | 10 000-нан аса |
| Ірі аралы | Калимантан |
| Жалпы ауданы | 2 000 000 км² |
| Тұрғындар (2010 жыл) | 335 000 000 адам |
| Халық тығыздығы | 167,5 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 2°56′ о. е. 107°55′ ш. б. / 2.933° о. е. 107.917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 2°56′ о. е. 107°55′ ш. б. / 2.933° о. е. 107.917° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Архипелагты шаятын акваториялар | Тынық мұхит, Үнді мұхиты |
| Елдер | |
Малай архипелагы (малайша Kepulauan Melayu ) — әлемдегі ең үлкен және арал саны бойынша төртінші, Тынық мұхиты мен Үнді мұхитын өзара бөліп тұрған Оңтүстік-шығыс Азия мен Австралия арасындағы архипелаг. Атауы Малай рифтері атауының жайылу аумағына байланысты алынған.Үлкен Зонд, Кіші Зонд, Молукк, Филиппин және көптеген ұсақ аралдар кіреді (мұхитпен бөлінетіндіктен Жаңа Гвинея аралы кірмейді) . Ең үлкен аралы — Калимантан және Суматра. Ең тұрғыны көп арал — Ява.
Аралдарда 330 вулкан, 100-жуық әрекеттегі жанартаулар бар. Ең атақтысы — Кракатау. Малай архипелагында Индонезия (толықтай дерлік) (Индонезия Жаңа Гвинея аралының жартысын алып жатыр, ол архипелагқа кірмейді), Малайзия (жартылай), Бруней, шығыс Тимор және Филиппиндер мемлекеттері орналасқан.
| Аралдар | Көлемі |
|---|---|
| Калимантан | 748 168 км2 |
| Суматра | 443 066 км2 |
| Сулавеси | 180 681 км2 |
| Минданао | 97 530 км2 |
| Ява | 443 066 км2 |
| Жаңа Гвинея | 785 753 км2 |
| Лусон | 109 965 км2 |
Малай архипелагының барлық көлемі 2 000 000 км2, 25 мыңнан астам топаралдардың аралдарынан құралады. Топаралда 350 000 адам тұрады, халық тығыздығы 150 адам./км². Архипелағтың ірі топаралдары:
- Индонезия
- Зонд аралдары
- Үлкен Зонд аралдары
- Кіші Зонд аралдары
- Малуку аралары
- Зонд аралдары
- Филиппин архипелагы
- Жаңа Гвинея және маңындағы аралдар (кейде қосылады)
- Алфавит бойынша топаралдар
- Оңтүстік-шығыс Азия
- Малай архипелагы
