Мәди Хасенов(01.12.1936, Ақмола облысы Зеренді ауданы Қошқарбай ауылы – 1992, Ақмола) – жазушы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978). Лақап аты — Зерендин.
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.
Көкшетау педагогика училищесін (1954), ҚазМУ-ды (1961) бітірген. 1961 жылдан Целиноград қаласындағы «Тың өлкесі» газетінде, 1966 жылдан «Коммунизм нұры» газетінде қызмет атқарған.
- «Алғашқы ән» (1969),
- «Тұлпардың дүбірі» (1971),
- «Қайсар» (1979),
- «Тайталас» (1987) әңгімелер жинағы,
- «Нар тәуекел» (1975) романы,
- «Берлинді алған батырлар» (1977),
- «Қайнар бұлақ» (1984) прозалары жарық көрген.
Санаттар:
- 1 желтоқсанда туғандар
- 1938 жылы туғандар
- Зеренді ауданында туғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Астанада қайтыс болғандар
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері