Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Ал

Айтым Әбдірахманов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Әбдірахманов деген бетті қараңыз.

Айтым Әбдірахманов (20.12.1928 жыл, қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы) Жарқын ауылы – 20.3.1994 жыл, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1991).

  • ҚазПИ-ді (1951, қазіргі ҚазҰПУ)
  • Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын (1954, қазіргі Тіл Білімі Институты) бітірген.
  • Қазақстан Ғылым Акедемияның Тіл білімі институтында кіші (1954–1958)
  • аға (1958–1970) ғылыми қызметкер
  • бөлім меңгерушісі (1970–1980)
  • жетекші ғылыми қызметкер (1981–1994) болып қызмет атқарды.

Ғылыми жұмыстары

«Қазақстан топонимдерін тарихи этимологиялық тұрғыдан зерттеу» деген тақырыпта доктрлық диссертация қорғады. Әбдірахмановтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің топонимика, терминологиялық және емле мәселелеріне арналған.

Әбдірахманов 100-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның

  • «Қазақстанның жер-су аттары», 1959;
  • «Топонимика және этнотопонимика», 1975;
  • «Қазақстан этнотопонимикасы», 1979 авторы.
Жоғары