| Ромен Роллан | |
| фр. Romain Rolland | |
| |
| Туған күні | 29 қаңтар 1866 |
|---|---|
| Туған жері | Кламси (Ньевр), Бургундия, Француз империясы |
| Қайтыс болған күні | 30 желтоқсан 1944 (78 жас) |
| Қайтыс болған жері | Везле, Бургундия, Француз империясы |
| Азаматтығы | Үлгі:Fra |
| Мансабы | прозаик, эссеист, драматург, музыкатанушы |
| Шығармашылық жылдары | 1888 бастап |
| Шығармалардың тілі | француз тілі |
Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866, Кламси — 30 желтоқсан 1944, Везле) — француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты (1915).
Өмірбаяны
- Парижде Эколь Нормаль жоғары мектебінде білім алған.
- 1895 ж. театр тарихынан екі докторлық диссертациясын қорғаған.
- Ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысып, Сорбоннада музыка тарихы курсынан лекция оқыған.
Шығармашылығы
- Шығармашылық жолын драматургиядан бастаған Роллан 1897 ж. “Әулие Людовик” драмасын жариялады.
- Роллан есімін әлемге әйгілі еткен 10 томдық “Жан Кристоф” (1904 — 12) роман-эпопеясы 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мәдениетінің құлдырауын, өкіметтің қатал тәртібіне қарсы күрескен неміс музыкантының экзистенциалды рухани ізденістерін көрсетті.
- “Кола Брюньон” (1914, жариялануы 1918) повесінде қоғамдағы мәдениет пен өнер тағдырын толғады.
- “Ғажайып жан” (1922 — 33) романында қоғамнан өз орнын таппаған интеллигенция тағдыры, кейіпкердің күрделі ішкі әлемі бейнеленді.
- Ганди мен Тагордың дүниеге көзқарастары қызықтырған Роллан “Махатма Ганди” атты кітабын жариялады
- “Өлім мен махаббат ойындары” (1925)
- “Робеспьер” (1939) трагедияларын сахнаға шығарды.
- “Эпикалық топтама” драмаларында қоғамдағы рухсыздыққа, құлдырауға қарсы шықты.
- Ол Б.Микеланджело (1907), Л.Толстой (1911), М.Ганди (1923), Ш.Пеги (1944), Л.Бетховендер (1928 — 45) туралы трилогия жазды.
- Ролланның “Жан Кристоф” романы қазақ тіліне ықшамдалып аударылған (1937).
Санаттар:
- 29 қаңтарда туғандар
- 1866 жылы туғандар
- 30 желтоқсанда қайтыс болғандар
- 1944 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері
- Кламсиде туғандар
- Йонна департаментінде қайтыс болғандар
- Франция жазушылары
- XIX ғасыр жазушылары
- XX ғасыр жазушылары
- Франция музыкатанушылары
- XIX ғасыр музыкатанушылары
- XX ғасыр музыкатанушылары
- КСРО Ғылым Академиясының академиктері
- Туберкулёзден қайтыс болғандар
- Франция социалистері
