( бетінен бағытталды)
“Жаңа өмір” — Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақ және ұйғыр оқушыларына арналып шығарылған қоғамдық-саяси, әдеби, ғылыми және суретті журналы.
1944 - 1949 жылы “Қазақ елі”, 1949 - 1957 жылы “Жаңа өмір” деген атпен Алматыда қазақ, ұйғыр тілдерінде араб әрпімен айына бір рет шығып тұрды. Көлемі 5 баспа табақ, таралымы 5000 дана. Журнал көрнекті жазушылардың сыйлық алған шығармаларын, қазақ және ұйғыр жазушылары мен ақындарының туындыларын, бастауыш мектептерге арналған оқу материалдарын жариялап отырды.
Санаттар:
- Қазақ тілді журналдар
- Қазақстан журналдары
- Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы