| Көксарай өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 46 км |
| Су алабының ауданы | 228 км² |
| Су алабы | Сырдария |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қаратау жотасы |
| Сағасы | Арыс-Түркістан каналы |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігі |
Көксарай – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
Түркістан облысы жерінде. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 228 км2.
Бастауы
Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Кентау қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды.
Гидрологиясы
Үлгілі ауылы тұсында бойына бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп аталады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Кентау қалалық әкімдігі өзендері
- Сырдария су алабы