| Марк Карни ағылш. Mark Carney | ||||
Карни, 2020 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 14 наурыз 2025 жылдан бастап | ||||
| Монарх | III Чарльз | |||
| Ізашары | Джастин Трюдо | |||
| ||||
| 9 наурыз 2025 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Джастин Трюдо | |||
| ||||
| 1 шілде 2013 — 15 наурыз 2020 | ||||
| Ізашары | Мервин Кинг | |||
| Ізбасары | Эндрю Бейли | |||
| ||||
| 1 ақпан 2008 — 3 маусым 2013 | ||||
| Премьер-Министр | Стивен Харпер | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Либералдық партия | |||
| Білімі | 1) Гарвард университеті (1988) 2) Оксфорд университеті (1993, 1995) | |||
| Ғылыми дәрежесі | экономика бойынша философия докторы (1995) | |||
| Діні | католицизм | |||
| Дүниеге келуі | 16 наурыз 1965 (61 жас) Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары, Канада | |||
| Туған кездегі есімі | Марк Джозеф Карни (ағылш. Mark Joseph Carney) | |||
| Жұбайы | Диана Фокс Карни (үйл. 1994) | |||
| Балалары | 3 | |||
| Сайты | markcarney.ca | |||
| Қолтаңбасы | ![]() | |||
| Марапаттары | ||||
| Марк Карни Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Марк Джозеф Карни (ағылш. Mark Joseph Carney; 16 наурыз 1965 жыл, Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары) — канадалық экономист және саясаткер, 2025 жылғы наурыздан бергі Канада премьер-министрі және Либералдық партияның көшбасшысы. Бұрын Карни 2013 жылдан 2020 жылға дейін Ағылшын банкісінің басшысы және 2008 жылдан 2013 жылға дейін Канада банкінің басшысы қызметтерінде болды.
Карни Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территориялары дүниеге келді де, Эдмонтон, Альбертада тәрбие алған. 1988 жылы ол Гарвард университетінде экономикадан бакалавриатын бітіріп, Оксфорд университетінде 1993 жылы магистратура мен 1995 жылы докторантура алды. Карни Goldman Sachs-та сәл қызмет етті де, 2003 жылы Канада банкі басшысының орынбасары тағайындалды. 2004 жылы ол Канада Қаржы департаменті министрінің аға біріккен орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы Карни Канада банкінің басшысы болды да, жаһандық қаржы дағдарысы кезіндегі Канаданың ақша-несие саясатын басқарды. Бұл лауазымды 2013 жылға дейін иеленген ол Ағылшын банкісі басшысы болып тағайындалды. Бұл лауазымда ол Ұлыбритания орталық банкінің Brexit-ке және COVID-19 пандемиясының бастапқы кезеңдеріне реакциясына жауапты еді.
Банкирліктен кеткен Карни кейін Brookfield Asset Manager-дің импакт-инвестициялауының төрағасы және Bloomberg директорлар кеңесінің төрағасы еді. Ол, оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жаһандық жылыну және қаржы елшісі болып тағайындалды. Карни тағы премьер-министр Джастин Трюдоның бейресми кеңесшілерінің бірі және 2024 жылғы қыркүйектен бастап Либералдық партия экономикалық өсім мақсатты тобының басшысы болды. 2025 жылғы қаңтарда ол Либералдық партия басшылығына өз үміткерлігін ұсынды да, сол жылғы наурызда жеңіп шықты.
Ерте жылдары және білімі
Марк Джозеф Карни 1965 жылғы 16 наурызда, Форт-Смит, Солтүстік-Батыс территорияларында туған. Анасы Верли Маргарет (туғанында Кемпер) үй шаруасындағы әйел еді және әкесі Роберт Джеймс Джастин Карни орта мектеп директоры болған. Төрт ата-әжелерінің үшеуі ирландиялық еді, Мейо графтығындағы Ахагауэрден. Карни алтыда болғанда оның отбасы Эдмонтон, Альбертада тұрды. Роберт Карни 1980 жылы Оңтүстік Эдмонтон федералдық округінен депутаттыққа үміткерлігін ұсынған еді, алайда жеңілді. Карни онда болғанда анасы университетке оралды, білім беру саласында оқуын бастады. Карнидің үш ағайындысы бар: аға мен әпкесі Шон мен Бренда және інісі Брайан.
Марк Карни Гарвард университетінде ішінара стипендияға оқыды. Оқуы кезінде ол хокей ойнайтын. 1988 жылы ол экономика бакалавриатына ие болды. Ол кейін Оксфорд университетінің Әулие Пётр колледжі мен Наффилд колледжіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алды. Бұл жерде ол философиядан 1993 жылы магистратура және 1995 жылы докторантурасын алды.
Қаржыгер мансабы
Карни Goldman Sachs-та 13 жыл өткізді және оның Бостон, Лондон, Нью-Йорк, Токио және Торонто кеңселерінде жұмыс істеп көрген. Ұйымда түрлі лауазым иелеген ол Оңтүстік Африка Республикасындағы пост-апартеидтік халықаралық облигациялар нарығына шығуына көмек көрсетті, 1998 жылғы Ресей экономикалық дағдарысына қатысты қызмет етті.
2003 жылы Карни Канада банкі төрағасының орынбасары ретінде тағайындалуына байланысты Goldman Sachs-тан кетті. Бір жылдан кейін, 2014 жылғы 15 қарашадан ол Канада Қаржы департаменті министрінің аға біріккен орынбасары қызметінде болды.
2004 жылғы қарашадан 2007 жылғы қазанға дейін Карни Канада Қаржы департаментінде министрдің аға қосалқы орынбасары және Үлкен жетілікке қатысты орынбасары болды.
Канада банкінің губернаторы (2008–2013)
2007 жылғы қазанда Карни Канада банкінің губернаторы болып тағайындалды. Карни бұл лауазымға 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысының басында тағайындалды. Тағайындалған кезде Карни Үлкен сегіздік пен Үлкен жиырмалық елдерінің арасындағы ең жас орталық банк губернаторы еді.
Ағылшын банкісінің губернаторы (2013–2020)
2012 жылғы 26 қарашада Ұлыбритания Қазынашылығының канцлері Джордж Осборн Карниді Ағылшын банкісінің губернаторы ретінде тағайындайтынын жария қылды. 2013 жылғы 1 шілдеде ол ресми түрде Мервин Кингтің ізбасары болды. Карни Ағылшын банкісінің 1694 жылы құрылғанынан бергі тұңғыш британдық емес төрағасы болды. 2013 жылы Банкқа қосымша өкілеттік берілді, соның ішінде банк капиталына қойылатын талаптарды белгілеу қабілеті болды.
Губернаторлықтарынан кейін (2020–2024)
2020 жылы Карни Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның көптеген бейресми кеңесшілерінің бірі болды, Карниге COVID-19 пандемиясына қатысты үкіметтің экономикалық әрекеті туралы кеңес беру тапсырылды.
2020 жылғы қазанда Карни Brookfield Asset Manager вице-президенті болды, бұл лауазымда фирманың экологиялық, әлеуметтік және корпорациялық саясатына және импакт-инвестициялауына жауапты болды.
Саяси мансабының басы
Карни сөзінше, 2012 жылы премьер-министр Стивен Харпер сол кезде Канада банкінің губернаторы болған Карниден Қаржы министрі лауазымына тағайындалғанын қалаған-қаламағанын сұраған. Карни бұл лауазымнан «бас тарттым» деді, 2025 жылғы ақпандағы сұхбатта «банкирден бірден сайланбалы қызметке келсем бұрыс болар» деп ойлағанмын деді.
2024 жылғы 9 қыркүйекте Джастин Трюдо Карниді Канада Либералдық партиясы көшбасшысының Экономикалық өсім жөніндегі жұмыс тобының төрағасы етіп тағайындады.Христя Фриландтың отставкасы жайлы сөзінде Трюдо кабинетіндегі қаржы министріне ықтимал кандидат ретінде Карнидің есімі аталып кеткен еді.
Либералдық партия көшбасшысы (2025–)
2025 жылғы сайлануға кампаниясы
2025 жылғы 16 қаңтарда Карни Канада Либералдық партиясы көшбасшылығына өз үміткерлігін ұсынды. Карни, оған қоса, сайлауалды кампаниясына бүкіл назарын аударту үшін барлық атқарушы, мүшелік, кеңесші лауазымдарынан кеткенін жариялады. 9 ақпанға қарай оның кампаниясы 11 000 астам адамнан 1,9 миллион доллар қайырмалдық жинады және Карнидің өзі 66 түрлі Либералдық кокус мүшелерінен қолдау көрді. Сайлаудың тұңғыш айналымында Карни жалпы дауыстың 85,9 % жинап алды да, Либералдық партия көшбасшысы болып сайланды.
Канада премьер-министрі (2025–)
2025 жылғы 14 наурызда, Либералдық партия көшбасшылығын жеңгеніне 5 күн болғанда, Марк Карни ант беріп, ресми түрде 24-Канада премьер-министрі болды. Ол — территорияларда туған елдің тұңғыш премьері, Онтариодан батысқа қарай туған үшінші премьер (Джо Кларк пен Ким Кэмпбеллден кейін), докторантурасы бар екінші премьер (Уильям Лайон Макензи Кингтен кейін), бұрын сайланбалы қызметте болмаған тұңғыш премьер.
Өкілеттігін жақында ғана бастаған Карни 23 наурызда парламент ыдырауын және федералдық сайлау өтетінін жариялады. Сайлауалды кампаниясында Дональд Трампқа қарсылығын және Канада халқы бірлігін қалағанын жиі айтқан Карни сайлауда Либералдар партиясын жеңіске әкелді де, ресми түрде өз лауазымына қайта сайланды.
Өз өмірі
Марк Карни — Канада, Ұлыбритания және Ирландия азаматы. 2025 жылы ол британдық және ирландиялық азаматтықтарынан бас тартатынын айтты. Карни Эвертон футбол клубын қолдайды және оның Ливерпульда тұратын жамағайыны бар.
Карни британдық экономист әйелі Диана Фокс КарнименОксфорд университетінде танысты. Жұп 1994 жылғы шілдеде үйленді, Карни бұл кезде докторантурасын бітіріп жатқан еді. Олардың төрт баласы бар және олар бастапқыда Торонтода, кейін Оттавада және 2013 жылдан бастап Лондонда тұратын. 2020 жылы Ағылшын банкісінің төрағалығынан кеткен Карни Оттаваға оралды.
Карни — машық католик. Карни французша кішкене сөйлейді.
- 16 наурызда туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Солтүстік-Батыс территорияларында туғандар
- Канада орденінің офицерлері
- Үлкен жиырмалық басшылары
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Канада экономистері
- Канада саясаткерлері
- Гарвард университеті түлектері
- Оксфорд университеті түлектері
- Манитоба университеті құрметті докторлары
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Ағылшын банкісі губернаторлары
- Канада банкі губернаторлары
- Канада Либералдық партиясы көшбасшылары
- Канада премьер-министрлері
- Қазіргі мемлекет басшылары
- XXI ғасыр саясаткерлері

