| Виндзор әулеті ағылш. House of Windsor | |
![]() Виндзор әулеті елтаңбасы | |
| Негізгі әулеті | Саксен-Кобург-Гот династиясы |
|---|---|
| Елі |
|
| Құрылды | 17 шілде 1917 жыл |
| Негізін салушысы | |
| Қазіргі басы | |
| Титулдары | Ұлыбритания патшасы (1917 жылдан бастап) |
Виндзор әулеті (ағылш. House of Windsor) — Ұлыбритания Патшалығының билік басындағы патша әулеті.
Виндзорлар үйін 1917 жылдың 17 шілдесінде Бірінші дүниежүзілік соғыс негізінде неміс атаулы Саксен-Кобург-Гота әулетін ығыстыру мақсатында V Джордж құрған. «Виндзор» атауы британ монархиясының басты резиденцияларының бірі — Виндзор сарайын меңзейді.
Виндзор әулетінен шыққан монархтар
- 1910—1936: V Джордж
- 1936—1936: VIII Эдуард
- 1936—1952: VI Джордж
- 1952—2022: II Елизабет
- 2022 бастап: III Чарльз
Таққа мұрагер — III Чарльзтің үлкен ұлы — ханзада Уильям.
Тағы қараңыз
- Британ монархиясы
- Британ монархтарының тізімі
- Виндзорлар
