Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қарынсалды – Ақмола облысының Жарқайың ауданы және Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты жерлердегі Торғай су алабындағы өзен. Ұзындығы 94 км, с

Қарынсалды (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарынсалды өзені
Қарынсалды аулының тұсындағы арнасы. Қараша, 2019
Қарынсалды аулының тұсындағы арнасы. Қараша, 2019
Сипаттамасы
Ұзындығы 94 км
Су алабының
ауданы
1750 км²
Су ағысы
Бастауы Державинск қаласынан оңтүстікте 17 км
  Координаттары 50°50′13″ с. е. 66°22′14″ ш. б. / 50.83694° с. е. 66.37056° ш. б. / 50.83694; 66.37056 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Жалдама
  Координаттары 50°25′31″ с. е. 65°39′46″ ш. б. / 50.42528° с. е. 65.66278° ш. б. / 50.42528; 65.66278 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°25′31″ с. е. 65°39′46″ ш. б. / 50.42528° с. е. 65.66278° ш. б. / 50.42528; 65.66278 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ақмола облысы, Қостанай облысы

ҚарынсалдыАқмола облысының Жарқайың ауданы және Қостанай облысының Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты жерлердегі Торғай су алабындағы өзен. Ұзындығы 94 км, су жиналатын алабы 1750 км2.

Георграфиясы

Горняк аулы тұсындағы өзенге қойылған белгі
Горняк аулы тұсындағы өзенге қойылған белгі

Қарынсалды Державинск қаласынан оңтүстікте 17 км-дей жердегі жазық далалардағы бұлақтан басталады. Терең жыралармен батысқа қарай ағып, Қарынсалды аулының тұсынан өткен соң оңтүстікке бұрылады. Ірілі-ұсақты оншақты саласы бар, ең ірісі Бұтақсай өзені. Ол салалардың бірнешеуі жаз айларында құрғап қалады. Амантоғай ауылының тұсында Ащытасты өзені қосылып, ары қарай Жалдама өзені басталады.

Жағасындағы елді мекендер

Жағасында елді мекендер көп емес, Тасты ауылдық округіне қарасты Қарынсалды, Горняк ауылдары мен Қаражар қыстағы орналасқан.

Гидрологиясы

Аңғары көлбеу, ені жоғарғы бөлігінде 8 – 10 м, төмен бөлігінде 0,9 – 1,8 км-ге дейін кеңейеді. Арнасы тік жарлы, биіктігі 2 – 6 м. Қар, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Қаражар ауылының тұсында 1,60 м3/с. Суы мал суарға пайдаланылады.

Жоғары