| Рахметолда Сәлменов | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған күні | 1 қаңтар 1900 |
| Туған жері | Қарқаралы ауданы, Семей облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 5 қаңтар 1970 (70 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1938-1966 |
Рахметолда Сәлменов (1 қаңтар 1900, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы - 5 қаңтар 1970, Алматы) — актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1966).
Өмірбаяны
1930-1934 ж. кен өндіретін жерде, т.б. әр түрлі жұмыстар жасады.
1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрында, сонымен қатар қазақ опера және балет театрында (1935- 39) қызмет етті.
1936 ж. Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен Қазақ академиялық драма театрының құрамында Қазан, Уфада өнер көрсетті.
Ойнаған рөлдері
Негізгі рольдері: Көкбай, Кобей, Есен, Жарылғап (М.Әуезовтің "Абай", "Енлік - Кебек", пен "Қарагозінде"), Қарабай, Қарасақал, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Ақан сері - Актоқтысында"), Сабатай (Ш.Құсайыновтың "Марабайында"), Жекшенқұл (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасы" бойынша), т.б. 1938 жылдан киноға түскен: Серік ("Амангелдіде"), Еркінбай ("Әзілшыны араласта", 1963), Базарбай ("Алдар көседе", 1964), т.б.
Фильмографиясы
- 1938 - Амангелді - Серке
- 1958 - Біз - Жетісуданбыз - Қарабай
- 1960 - Бір ауданда - Сұлтанқұлов
- 1961 - Алёнка - сатушы
- 1963 - Әрі қалжың, әрі шын - Еркімбай
- 1963 - Менің атым Қожа - колхозшы
- 1964 - Алдар көсе - Жуанбай
- 1964 - Тұлпардың ізі - Жаухаздың әкесі
- 1966 - Ата-бабалар жері - эпизод
- 1966 - Ән қанатында - газета редакторы
- 1966 - Менің арманым - Сапардың ағасы
Марапаттары
"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
- 1 қаңтарда туғандар
- 1900 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қарқаралы ауданында туғандар
- 5 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1970 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- КСРО актерлері
- Қазақстан актерлері