Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Үлгі:Infobox Солтүстік-батыс университет (ағылш. Northwestern University) — АҚШ-тың Иллинойс штатының Эванстон қаласында орналасқан жекеменшік зерттеу универвер

Солтүстік-батыс университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Солтүстік-батыс университет (ағылш. Northwestern University) — АҚШ-тың Иллинойс штатының Эванстон қаласында орналасқан жекеменшік зерттеу универверситеті. Солтүстік-батыс университеті өзінің бизнес, заң, инженерлік, медицина және журналистка мектептерімен белгілі. Университеттің Чикагода, Доһада кампустары, Маями, Вашингтон және Сан-Франциско қалаларында программалар бар.

Солтүстік-батыс университеті 700 миллион долларға жуық грант бөлінетін АҚШ-тағы ең үлкен зерттеу университеттерінің бірі. Университеттің мақсатты капитал қоры (endowment) 11 миллиард долларды құрайды (АҚШ бойынша 9-көрсеткіш).

Солтүстік-батыс университеті бұрынғы және қазіргі оқытушылары мен түлектерінің арасында 19 Нобель лауреаты, 38 Пулитцер сыйлығының жеңімпазы, 65 Америка ғылым академиясының мүшесі және 2 Жоғары сот судьясы бар.

Тарихы

Солтүстік-батыс университеті 1851 жылы Джон Эванстың бастамасымен құрылған. Университет Чикаго қаласысның солтүстігіндегі Эванстон қаласында орналасқан.

Толық мақаласы: Солтүстік-Батыс университетінің тарихы

Солтүстік-Батыс университетінің негізі 1850 жылдың 31 мамырында Чикагодағы тоғыз беделді бизнесмен, методист қайраткерлері мен адвокаттардың кездесуіне байланысты қаланды.Олар 1787–1803 жылдар аралығында Солтүстік-Батыс аймағы деп аталған аймаққа қызмет ететін университет құру идеясын ұсынды. 1851 жылдың 28 қаңтарында Иллинойс штатының заң шығарушы органы «Солтүстік-Батыс университетінің қамқоршыларына» университеттің жарғысын бекітті, бұл Иллинойста бірінші ресми түрде құрылған университет болды.Университеттің негізін қалаушыларының барлығы методистер болды (олардың үшеуі діни қызметкерлер), ал олар бірінші ұйымдастырушылық жиналысын бастамас бұрын дұға оқып, құлшылық етті.

Құрылымы

Эванстондағы кампус

  • Вайнберг өнерлер мен ғылымдар колледжі (1851);
  • Коммуникация мектебі (1878);
  • Бинен музыка мектебі(1895);
  • Келлогг менеджмент мектебі (1908);
  • Аспирантура мектебі (The Graduate School) (1910);
  • МакКормик инжерения және қолданбалы ғылымдар мектебі (1909);
  • Медилл журналистика мектебі (1921);
  • Білім және әлеуметтік саясат мектебі (1926);
  • Кәсіби оқулар мектебі (School of Professional Studies) (1933).

Чикагодағы кампус

  • Файнберг медицина мектебі (1859);
  • Келлогг менеджмент мекеті (1908);
  • Прицкер заң мектебі (1859);
  • Кәсіби оқулар мектебі (School of Professional Studies) (1933).

Танымал ұстаздары

  • Филип Котлер - заманауи маркетингтің әкесі атанған ғалым. Келлогг менеджмент мектебінде 1962 жылдан бері Маркетингтен сабақ береді. 40-қа жуық маркетингке байланысты кітаптың авторы. "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры профессор Котлердің "Маркетинг негіздері" кітабын "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы аясында қазақ тіліне аударған;
  • Гэри Сол Морсон - Славян тілдері мен әдебиеті департаментінің профессоры. Профессор Морсонның Анна Каренина курсына 500-ге жуық адам тіркеледі. Бұл АҚШ-тағы славян курстарының студент саны бойынша ең үлкені болып саналады. Профессор Морсон 30-ға жуық кітаптың авторы;
  • Ирвин Уайл - Славян тілдері мен әдебиеті департаментінің профессоры;
  • Джоэль Мокир - экономика тарихы және экономикалық өсу бойынша бірқатар кітап жазған ғалым;
  • Роберт Гордон - макроэкономист, "Американың өсуі мен құлдырауы" атты кітаптың авторы;
  • Гари Крамер - Келлогг менеджмент мектебінің профессоры. Өзінің құндылықтарға негізделген көшбасшылық авторлық курсын әзірлеген. 1999-2004 жылдары Бакстер компаниясының Бас директоры болған.

Танымал түлектері

  • Стивен Колберт - танымал америкалық шоумен және тележүргізуші;
  • Меган Маркл - танымал актриса, британ ханзадасы Гарридің әйелі;
  • Коди Кинан - АҚШ Ақ үйінің спичрайтинг директоры болған (Обама әкімшілігі);
  • Джордж Р. Р. Мартин - жазушы, сценарийші. HBO каналы Мартиннің «Мұз бен от жыры» фантазиялық романдар циклінің негізінде "Тақтар таласы" сериалын түсірген.
Жоғары