
Садық Кәрімбаев (28 ақпан, 1918, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 4 шілде 1975, Алматы) –сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947).
Өмірбаяны
Бала күнінде шешекпен ауырып екі көзінен айырылған. Арғын тайпасының Сүйіндік руы күлік бөлімінен шыққан.
Шығармашылығы
Жасынан ән салып, сырнай тартады. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, әсіресе, өзі туып өскен өлкенің Майра, Естай, Жарылғапберлі сияқты әнші-ақындарының шығармашылығын жетік біліп, солардан ғибрат алады, өзі де ән шығарады. Әндерінің тақырыбы сан алуан. Туған жердің табиғат сұлулығына (“Жетісу”, “Кешкі Алматы”, “Жаңаарқа”), еңбек адамдарының ерлік істеріне (“Тракторшы қарындас”, “Сауыншы жеңгей”, “Жылқышы қыз”, “Шаттанамын еңбектің ерлеріне”, “Қызылшашылар маршы”), Отан қорғау тақырыбына (“Жорық”, “Аттаныс”) арнаған туындылары бар. Халық арасына кең тараған әндерінің негізгі бір саласы – лирикалық әндер (“Сағындырған сәулем-ай”, “Күтем сені”, “Сүйген сәулем Ақерке”, “Ақ тотым”, “Ақтамақ”, “Айлы түнде”, тағы басқа). Сондай-ақ, вальс жанрының (“Жамбыл жастарының вальсі”, “Қапшағай вальсі”) дамуына да үлес қосты.
- 28 ақпанда туғандар
- 1918 жылы туғандар
- Баянауыл ауданында туғандар
- 4 шілдеде қайтыс болғандар
- 1975 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері