| Шыршық каналы | |
| Орналасуы | |
| Елдер | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 95 км |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Газалкент қаласының маңы |
| · Бастауының биіктігі | 685 м м |
| Сағасы | |
| · Сағасының орны | Қабыланбек |
Шыршық каналы (өзб. Chirchik kanali) — Өзбекстан және Қазақстан (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары жері) мемлекетаралық жер суару жүйесіне жатады. 1932 – 37 ж. аралығында салынған. Басын Шыршық өз. бойындағы бөгеттен алады. Жалпы ұзындығы 95 км, ені 8 – 10 м, тереңд. 2 – 4 м. Орташа су ағымы 29 м³/с. Канал Қазақстан аумағындағы 12,8 мың га бау-бақша, егістікті суарады.
Сипаттамасы
Бастауын Ташкент облысы, Ғазалкент қаласы маңындағы теңіз деңгейінен 685 метр биіктікте орналасқан Шыршық өзеніндегі бөгеннен алады. Шыршық өзенімен қапталдаса ағып, Шыршық қаласының тұсында солтүстікке бұрылады. Сол тұстағы төбешікті тесіп, құбыр арқылы арғы бетке өткізілген. Қазақстан аумағына өтеді де, Солтүстік-Батыс бағытмен аға отырып, Қазығұрт ауылының тұсынан оңтүстікке бұрылады. Сарыағаш ауданына өткен соң, Қабыланбек ауылына жақын жерде бірнеше тармақтарға бөлініп кетеді.
Жағасындағы елді мекендер
Өзбекстанда: Газалкент, Шыршық қалалары.
Қазақстанда: Заңғар, Қызылсеңгір, Қазығұрт, Саванхана ауылдары
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Уикипедия:Координаттар форматы ескірген инфобокстар
- Алфавит бойынша каналдар