Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (парсы: شاهنشاه‎ ‎, «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық пат

Патшалардың патшасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Иранның соңғы шаһиншаһы — Мұхаммед Реза Пехлеви

Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (парсы: شاهنشاه‎ , «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық патшалардың атағы.

Бұл атақ алғашқы рет Иранды билеп отырған Сасани әулетімен қабылданған, бірақ ол Ахемен әулетінің кезеңіндегі атақ «xšāyaθiya xšāyaθiyānām»-дан бастау алған. Сондықтан бірінші шаһиншаһ деп Ұлы Кирді атайды. Бұл атақ үзілістермен 2500 жыл бойы қолданыста болған. Соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлеви 1979 жылы болған Иран ислам революциясының кезінде тақтан тайдырылды. Оның ұлы Реза Кир Пехлеви иран монархисттерімен заңды шаһиншаһ саналады.

Шаһиншаһқа ұқсас «Basileos Basileon» атағын Византиялық император Ираклий Сасанилерді жеңгеннен кейін алған.

Ахеменилерден кейін шаһиншаһ атағын алған әулеттер

ӘулетМемлекетБилік жылдары
Сасани әулетіЭраншахр226—651
Бағратилер әулеті Ания патшалығы (Армения)921—1045
Буилер әулетіИрак пен Иран978—1055
Селжұқ әулетіИрак пен Иран1037—1152
Сефеви әулеті Иран1501—1794
Хотаки әулетіИран1722—1729
Афшари әулеті Иран1736—1795
Зендтер Иран1782—1794
Қажарлар әулеті Ұлық Иран мемлекеті1796—1925
Пехлеви әулеті Иран Шаһаншаһ мемлекеті1925—1979
Жоғары