Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тоқаш Бокин (25 сәуір 1890 жыл – 19 қыркүйек 1918 жыл) — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысушы.

Тоқаш Бокин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Тоқаш Бокин
Сурет
Туған күні

25 сәуір 1890 (1890-04-25)

Туған жері

Қарасу ауылы, Мойынқұм болосы, Верный уезі, Жетісу облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

19 қыркүйек 1918 (1918-09-19)(28 жас)

Қайтыс болған жері

Белгісіз

Азаматтығы

РесейРесей

Ұлты

Қазақ

Қызметі

аудармашы, регистратор, көтеріліске қатысушы

Ортаққордағы Тоқаш Бокин

Тоқаш Бокин (25 сәуір 1890 жыл – 19 қыркүйек 1918 жыл) — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Қазақстанда (Жетісуда) Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысушы.

Сары Үйсін руынан шыққан.

Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) ер балалар гимназиясында оқыған, сот органдары мен Верныйдың қоныс аударушылар басқармасында аудармашы болып жұмыс істеді. 1914–1916 жылдары Санкт-Петербург Сот палатасында, зауытта жұмыс істеді.

1918 жылы наурызда облыстық Төңкерістық комитеттің мүшесі болып сайланды, Жетісу облысындағы орыс-қазақ қарым-қатынастарын реттеу жөніндегі комиссариат комиссарының орынбасары болды. Ауыл және селолық кеңестерді құруға қатысты. 1918 жылғы сөуір-мамыр айларында Верныйдағы Кеңес өкіметіне қарсы болған бүлікті басуға қатынасты. 1918 жылдың қыркүйегінде саяси күрестің құрбаны болды.

Жоғары