| Алмас Бекбосынов | |
| Туған күні | 24 ақпан 1924 |
|---|---|
| Туған жері | Алматы, РКФСР, КСРО |
| Қайтыс болған күні | 10 тамыз 1974 (50 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | биші |
Алмас Бекбосынов (24 ақпан 1924 жыл, Алматы - 10 тамыз 1974 жыл, сонда) - биші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947). Алғашқы балет артистерінің бірі.
Өмірбаяны
Өнер жолын қөркемөнерпаздар үйірмесінен бастады.
1939 ж. Қазақ филармониясында биші, 1940-1959 ж. Қазақ академиясының опера және балет театрының бишісі.
1959 ж. бишілер группасының құрамымен АҚШ-та болып, өнер көрсетті.
Шығармашылығы мен марапаттары
Бекбосынов театрда Айдар (И.Н. Надировтың "Кәктемінде"), Қамбар (В.В. Великановтың "Қамбар - Назымында"), Квазимодо (Ц.Пуньидің "Эсмеральдасында"), Гирей (Б.В. Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), Ганс (А.Аданның "Жизелінде"), т.б. партияларды орындады. Сонымен қатар "Қыз Жібек", "Жалбыр", "Абай", "Біржан-Сара", т.б. операларында би нөмірлерін орындады.
"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 24 ақпанда туғандар
- 1924 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- 10 тамызда қайтыс болғандар
- 1974 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар