| Барқын құмы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ауданы | 3,4 мың км² |
| Орналасуы | |
| 49°01′30″ с. е. 54°47′51″ ш. б. / 49.02500° с. е. 54.79750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°01′30″ с. е. 54°47′51″ ш. б. / 49.02500° с. е. 54.79750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақтөбе облысы |
| Орналасуы | Ақтөбе облысы Ойыл ауданы |
Барқын – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жеріндегі құмды алқап.
Географиялық орны, жер бедері
Ойыл және Қуырдақты өзендері аралығында, Ойыл ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. Аумағы 3,4 мың км2.
Өсімдігі
Шөптесін өсімдіктерден жүзгін, құланқұйрық, құмаршық, жыңғыл, сондай-ақ қарағай да жиі кездеседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатымен 1873, 189, 1903, 1907, 1913 жылдары отырғызылған. Бүгінде қарағайлы қалың орман пайда болып шоқ тал, қараған, қара терек, қайың өсіп тұр. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхидейдің, шатырлы гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері пайда болған.
Санаттар:
- Алфавит бойынша шөлдер
- Ақтөбе облысы құмдары

