| Алып туралы ән/Дала батырлары | |
| Песнь о великане/Батыры степей | |
| Жанры | драма |
|---|---|
| Режиссёрі | Григорий Рошаль |
| Сценарийдің авторы | Әбділда Тәжібаев, Леонид Жежеленко |
| Басты рөлдерде | Қапан Бадыров, Жағда Оғызбаев |
| Операторы | Александр Птушко, Галина Пышкова |
| Сазгері | Николай Крюков |
| Кинокомпания | Қазақфильм |
| Мемлекет |
|
| Тілі | орыс |
| Шыққан жылы | 1942 |
Алып туралы ән әлде Дала батырлары — 1942 жылы Қазақфильм кинематографистертерімен түсірілген көркем фильм.
Сюжет
Шабуылдың бірнеше күнінен кейін Кеңес Әскерінің бір отряды демалуға орналасады. Аялдауда Күреген жауынгер басқа жауынгерлерге Толағай батыр туралы аңыз айтып береді. Толағай туралы әңгіме экранда жанданады. Содан кейін қайтадан фронт өмірінің жай күндері көрсетіледі. Жауынгерлер тобы, олардың ішінде Күреген өзеннен өтіп, жау әскерінің дотын жою тапсырмасын алады. Көп ұзамай қарсыластың атыс нүктесі сол жағалаудан аспанға әуелейді. Гитлершілерді кеңес әскерлерінің өткеліне енуге жол бермеу үшін Күреген олармен жекпе-жекке шығады. Осы айқаста батыл жауынгер жау оғынан жараланады. Ол келіп үлгерген жауынгер жолдастардың қолында мерт болады.
Рөлдерде
- Күрекен — Қапан Бадыров
- Толағай — Жағда Оғызбаев
Марапаттары
«Евразия» ХКФ-ның «Звездное кино Алма-Аты» бағдарламасына қатысушы (Алматы, 1998).
- Алфавит бойынша фильмдер
- 1942 жылғы фильмдер
- Қазақфильм фильмдері
- КСРО драма фильмдері