Бастемі қазірет Айтқожаұлы (1874, Кеңтүбек ауылы (қазіргі Май ауданы (Павлодар облысы)) - 1903) - діни қайраткер, қазірет.
Арғын тайпасының Бәсентиін руы Көшеншүрек бөлімінен шыққан.
Білімі
Бастемі 7 жыл Бұқарда оқыды, отанына 23 жасында оралды.
Еңбегі
Кеңтүбек ауылында мешіт ашты, сонда бір мезгілде 80 оқушы оқи алатын медресе салды. Мешіт-медресе ағарту-тәрбие орталығына айналды. .
Кеңтүбек ауылының үлкен зиратында, Бапи Басарұлы туысқанының жанында жерленген. 1990 ж. ұрпақтары мәрмәрдан ескерткіш орнатты.
Санаттар:
- 1874 жылы туғандар
- Май ауданында туғандар
- 1903 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан қазіреттері