| Қазақстандағы беларустар | |
| белар. Беларусы ў Казахстане | |
| Бүкіл халықтың саны | |
|---|---|
| 76 484 адам | |
| Ең көп таралған аймақтар | |
| Қостанай облысы | 16 495 |
| Қарағанды облысы | 14 488 |
| Ақмола облысы | 12 054 |
| Астана | 6 021 |
| Солтүстік Қазақстан облысы | 6 805 |
| Павлодар облысы | 5 672 |
| Алматы | 3 238 |
| Шығыс Қазақстан облысы | 2 792 |
| Батыс Қазақстан облысы | 2 425 |
| Ақтөбе облысы | 1 788 |
| Алматы облысы | 1 578 |
| Жамбыл облысы | 973 |
| Шымкент | 740 |
| Атырау облысы | 480 |
| Маңғыстау облысы | 441 |
| Түркістан облысы | 298 |
| Қызылорда облысы | 195 |
| Тілдері | |
| Діні | |
| Православие, Католицизм | |
Қазақстан белорустары (белар. Беларусы Казахстана, қаз. Қазақстанның беларустары) — Қазақстандағы белорус диаспорасы. 2021 жылғы Қазақстан халқының санағы бойынша елдегі белорустардың саны 76 484 адамды құрады.
Тарихы
Қазіргі Қазақстан жеріне алғашқы белорустар Кастусь Калиновский көтерілісінен кейін келе бастады (солардың ішінде белгілі тұлға Бронислав Залесский болды). XX ғасырдың басындағы Столыпин реформасы кезінде белорус шаруалары жаппай қоныс аударса, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында Владимир Дудицкий, Петро Битель, Симон Хурсик сынды мәдениет қайраткерлері еріксіз жер аударылды.
Ұлы Отан соғысы кезеңі екі халықтың рухани жақындығын нығайта түсті. Белоруссиядан Қазақстанға 10,7 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олармен бірге Белорус опера және балет театры мен Якуб Колас атындағы драма театрының ұжымдары Алматыға көшірілді. 1941–1942 жылдар аралығында өнерпаздар әскери госпитальдарда 40-тан астам қойылым мен концерт өткізді.
Сол кездегі тарихи сәттердің бірі — белорус опера жұлдызы Лариса Александровскаяның қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітовамен бірге Алматы мен Қарағанды клубтарында өнер көрсетуі еді. Сонымен қатар, 1942 жылы Алматы киностудиясында режиссер Владимир Корш-Саблин соғыс тақырыбындағы алғашқы белорус туындыларын («Белорус новеллалары») жарыққа шығарды.
Кейінірек, тың игеру науқаны басталғанда, мыңдаған белорус азаматтары республиканың солтүстік өңірлеріне келіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосты.
Тәуелсіз Қазақстандағы белорустар
XX ғасырдың соңына қарай Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларында белорустардың ұлттық-мәдени орталықтары құрылды. Бүгінгі таңда республика бойынша осындай оннан астам бірлестік ресми тіркелген. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің ішінде жүйелі жұмысымен ерекшеленетін ұжымдар мен олардың жетекшілері:
- Алматы аймақтық мәдени орталығы — жетекшісі Л.М. Питаленко;
- Павлодар облыстық орталығы — жетекшісі Л.И. Богнат;
- Қарағандыдағы «Наследие» (Мұра) белорус мәдениеті қоры — жетекшісі А.А. Хука;
- Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы — жетекшісі Р.В. Солапава;
- Қостанай облыстық орталығы — жетекшісі Л.В. Шевченко;
- Астана қаласындағы «Беларусь» орталығы — жетекшісі А.Ф. Романова.
Қазақстан белорустарының қауымдастығы өзінің ресми атауын 2002 жылғы құрылтай конференциясында бекітті. Оған дейін 10 жыл бойы «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істеп келген болатын. Оның негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі — белгілі мемлекеттік қайраткер, сенатор Павел Атрушкевич.
Статистика

| Жыл | Саны | Үлесі (%) |
|---|---|---|
| 1939 | 31 614 | 0,513 |
| 1959 | 107 463 | 1,154 |
| 1970 | 198 275 | 1,523 |
| 1979 | 181 491 | 1,235 |
| 1989 | 177 938 | 1,098 |
| 1999 | 111 927 | 0,748 |
| 2009 | 66 476 | 0,415 |
| 2021 | 76 484 | 0,400 |
| Өңір | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Қазақстан | 198 275 | 181 491 | 177 938 | 111 927 | 66 476 | 76 484 |
| Ақмола облысы | 35 437 | 29 607 | 28 283 | 19 475 | 11 927 | 12 054 |
| Ақтөбе облысы | 4 312 | 4 376 | 4 736 | 2 569 | 1 343 | 1 788 |
| Алматы | 4 444 | 5 205 | 6 912 | 3 438 | 1 782 | 3 238 |
| Алматы облысы | 4 325 | 4 273 | 4 721 | 2 053 | 879 | 1 578 |
| Астана | 6 186 | 7 091 | 8 220 | 5 761 | 3 752 | 6 021 |
| Атырау облысы | 1 711 | 1 127 | 1 066 | 347 | 217 | 480 |
| Батыс Қазақстан облысы | 6 030 | 5 805 | 5 112 | 3 577 | 2 146 | 2 425 |
| Жамбыл облысы | 4 046 | 4 539 | 3 986 | 1 481 | 602 | 973 |
| Қарағанды облысы | 40 157 | 37 608 | 35 731 | 21 579 | 13 370 | 14 488 |
| Қостанай облысы | 38 141 | 35 514 | 35 404 | 25 018 | 15 171 | 16 495 |
| Қызылорда облысы | 2 615 | 2 954 | 816 | 215 | 112 | 195 |
| Маңғыстау облысы | 1 471 | 1 547 | 1 697 | 612 | 260 | 441 |
| Павлодар облысы | 12 618 | 11 511 | 12 293 | 8 781 | 5 419 | 5 672 |
| Солтүстік Қазақстан облысы | 23 113 | 17 946 | 16 388 | 11 184 | 6 856 | 6 805 |
| Түркістан облысы | 3 775 | 3 362 | 3 488 | 1 312 | 641 | 298 |
| Шымкент | — | — | — | — | — | 740 |
| Шығыс Қазақстан облысы | 9 894 | 9 026 | 9 085 | 4 525 | 1 999 | 2 792 |
Тағы қараңыз
- Беларусь — Қазақстан қатынастары
- Қазақстандағы украиндар
Әдебиет
- Беларускае замежжа // Энцыклапедыя. — Мінск : Беларуская Энцыклапедыя імя П. Броўкі, 2010. — 480 с. : іл. Цвёрдая вокладка. На беларускай і рускай мовах. ISBN 978-985-11-0534-8
Сілтемелер
- Қазақстан халықтары ассамблеясының сайтында
- Алфавит бойынша этникалық топтар
- Беларус диаспорасы
- Қазақстан этникалық топтары