| Колывань жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ұзындығы | 100 км |
| Биіктігі | 1206 м |
| Орналасуы | |
| Елдер |
|
Колывань жотасы - Алтайдың солтүстік-батысындағы таулы жота.
Географиялық орны
Ресейдің Алтай өлкесінде. Ұзындығы 100 км шамасында.
Жер бедері
Шығыс бөлігінің орташа биіктігі 600-800 м, батысында 400-500 м; ең биік жері Көкше тауы 1206 м. Тау басы күмбез тәрізді, беткейлері көлбеу келеді.
Геологиялық құрылымы
Колывань жотасы тақтатас, гранит және туфтан түзілген. Полиметалл кен орны бар; яшма, порфирит, кварцит кездеседі.
Өсімдігі
Солтүстік-шығыс беткейінде май қарағай, қарағайлы орман батыс жағында бұталы шалғын мен селеулі далаға ұласады.
Санат:
- Ресей таулары