Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мәскеу университетін бітірген. 1932 - 1941 жылы "Қаратау кеншілері" газетінің редакторы, орта мектеп директоры, 1943 жылы сол кездегі "Советтік Қарағанды" газет

Мағзұм Тиесов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мағзұм Тиесов (1904 жылы туған қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы №4 ауыл - 1973) - жазушы.

Мәскеу университетін бітірген. 1932 - 1941 жылы "Қаратау кеншілері" газетінің редакторы, орта мектеп директоры, 1943 жылы сол кездегі "Советтік Қарағанды" газеті партия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Кейін "Жұлдыз" журналының бас редакторы, "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан"), "Казахстанская правда" газеттерінде әдеби қызметкер болған.

Мағзұм Тиесовтің "Отарды аман сақтап", "Шопан ата" (1965), "Дала перзенті" (1968), "Бақытты бозторғай" (1974), "Қаз дауысты Қазыбек" (1979) повестері мен әңгімелері және очерктер жинағы жарық көрген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жоғары