| Аудан | |
| Жетіөгіз ауданы | |
| Жети-Өгүз району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Қызылсу ауылы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 82 085 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 91,2 %, |
| Ресми тілі | |
|
| |
Жетіөгіз ауданы (қыр. Жети-Өгүз району) — Қырғызстан Республикасындағы Ыстықкөл облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы — Қызылсу ауылы.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 82 085 аудан тұрғындарының ішінен 74 852 адамды құрайды (немесе 91,2 %), орыстар — 3660 адам немесе 4,5 %, дүнгендер — 1953 адам немесе 2,4 %, ұйғырлар — 744 адам, немесе 0,9 %, татарлар — 259 адам немесе 0,3 %, қазақтар — 253 адам немесе 0,3 %.
Елді мекендері
Жеті-Өгіз ауданының құрамына 13 айылдық (ауылдық) округ, 51 айыл (ауыл) кіреді:
- Ақ-Дебе айылдық округі: Мундуз а. (орталығы), Ақ-Дебе, Аң-Өстен, Тілекмат
- Ак-Ширақ айылдық округі: Ақ-Ширақ а. (орталығы), Культцентр, Ыштық
- Алдашев айылдық округі: Саруу а. (орталығы), Жууку, Ыстық-Көл
- Барсқоон айылдық округі: Барсқоон а. (орталығы), Қарақол, Қара-Сай, Сеок
- Дарқан айылдық округі: Дарқан а. (орталығы)
- Жарғылчақ айылдық округі: Ақ-Терек а. (орталығы), Женіш, Кіші-Жарғылчақ, Чоң-Жарғылчақ
- Жеті-Өгіз айылдық округі: Жеті-Өгіз а. (орталығы), Ақ-Қошқар, Желе-Дөбө, Жеті-Өгіз (курорт), Қабақ, Талды-Бұлақ, Чырақ
- Қызыл-Су айылдық округі: Қызыл-Су а.(орталығы), Жалғыз-Өрік, Қайнар, Покровская Пристань
- Липенка айылдық округі: Липенка а. (орталығы), Богатыровка, Зеленый Гай, Ішкі-Бұлұн
- Оргочор айылдық округі: Оргочор а. (орталығы), Боз-Бешік, Құрғақ-Айрық, Подгорное
- Светлая Поляна айылдық округі: Светлая Поляна а. (орталығы), Чоң-Қызыл-Су
- Тамға айылдық округі: Тамға а. (орталығы), Тосор
- Ырдық айылдық округі: Балтабай а. (орталығы), Жон-Бұлақ, Қытай, Конкино, Ырдық
Әйгілі тумалары
- Жәлил Әбдіқадыров (1932-1984) — қырғыз совет театр режиссері, прозашы, драматург, аудармашы, Қырғыз КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- Жетіөгіз ауданы
