Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Араб тіліндегі есімдер мен атауларды кирилл әріптерімен немесе латын әріптерімен транскрипциялау қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі араб тілінің көптеген дыбыста

Араб-қазақ транскрипциясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Араб жазуы
ا    ب    ت    ث    ج    ح
خ    د    ذ    ر    ز    س
ش    ص    ض    ط    ظ    ع
غ    ف    ق    ك    ل
م    ن    هـ    و    ي
Тарихы · Транскрипция
Әлиф мақсура · Харакат · Һамза ء
Араб сандары · Нөмірлеу к · т · ө

Араб тіліндегі есімдер мен атауларды кирилл әріптерімен немесе латын әріптерімен транскрипциялау қиындықтар тудыруы мүмкін, себебі араб тілінің көптеген дыбыстары қазақ немесе ағылшын тілінде аналогтары жоқ, сондықтан олардың дәлме-дәл айтылуын арнайы белгілерсіз беру қиын.

Келтірілген кестеде Қыдырбаев Қалдыбай Арыстанбекұлының философия докторы (PhD) атағын алу үшін жазылған «Қазақ онимдерін араб тіліне транслитерациялаудың ғылыми-теориялық негіздері» диссертациясына негізделген. Бұл еңбекке ғылыми кеңесші ретінде профессор, филология ғылымдарының докторы Жұбатова Б.Н. және әл-Азһар университетінің профессоры Әли Әли Шағбан ат салысқан.

Араб әріптерін латиница мен кириллицаға берудің негізгі ережелері

ӘріпАтауыҒылыми транскрипцияҒылыми транслитерацияПрактикалық транскрипция
IPAкириллDINлат.қазақ.
اʼәлиф/a(ː)/ ʼāa, aaā, ə̃
һамза/ʔ/—, ʼʾʼ, —
بбə̃ʼ/b/бbbб
تтə̃ʼ/t/тttт
ثсə̃ʼ/θ/с̱thс
جжим/d͡ʒ ɡ/жǧj, dj, gж
حхə̃′/ħ/х̣hх
خхā′/x χ/х̱, х̮khх
دдə̃л/d/дddд
ذзə̃л/ð/з̱dhз
رрāʼ/r/рrrр
زзə̃ʼ/z/зzzз
سсūн/s/сssс
شшūн/ʃ/шšsh, chш
صċāд//с̣sċ
ضдāд//д̣d, dhд
طҭāʼ//т̣tҭ
ظҙāʼ/ðˁ /з̣z, zh, dhҙ
عʼәйн/ʕ/ʿʻʼ
غғайн/ɣ/г, г̣ġg, ghғ
فфə̃ʼ/f/фffф
قқāф/q/к̣qq, k, gқ
كкə̃ф/k/кkk, cк
لлə̃м/l/лllл
مмūм/m/мmmм
نнȳн/n/нnnн
هһə̃ʼ/h/х, hhhһ
وўə̃ў/w, /в, ўww, u, oo, ouў
يйə̃ʼ/j, /йyy, i, eeй

Ерекше тіркестер

ӘріпАтауыҒылыми транскрипцияҒылыми транслитерацияПрактикалыө транскрипция
IPAкириллDINлат.қазақ.
әлиф-мәдда/ʔaː/’а̄ʾāʾaа, ә
тә марбута/a, at/а, атh, ta, ah / atа, ә, әт/ет/ат
әлиф мақсура/aː/а̄āaа, ә
ләм-әлиф/laː/ла̄laлә
الәлиф-ләм/al, aC-/аль-al-al-, el-әл-
ассимиляция әл- артиклі шәмсия әріптерінің алдында+++— / ++

Дауысты дыбыстар

ӘріпАтауыҒылыми транскрипцияҒылыми транслитерацияПрактикалық транскрипция
IPAкириллDINлат.қазақ.
Қысқы дауысты дыбыстар
َ‎◌фатха/a/аaа, ә
ُ‎◌дамма/u/уuу
ِ‎◌кәсра/i/иiи
Созыңқы дауыстылар
َا‎◌фатха-әлиф//а̄āā, ə̃
ٰ‎◌әлиф-ханджария//а̄āā, ə̃
َى‎◌фатха-әлиф-мақсура/a/аāā, ə̃
‎‎‎ىٰ◌‎‎‎//āā, ə̃
ُو‎◌дамма-уәу//ӯūӯ
ِي‎◌кәсра-йә//ӣīӣ
Дифтонгтар
َو‎◌фәтха-уәу/au/аўawау, әу
َي‎◌фәтха-йә/ai/айayай, әй
Шәддамен тіркесу
َوّ‎◌/uːw, -uː/uwwуу
ِيّ‎ّ◌/iːj, -iː/iyyий(й)*


Тәнуин

ӘріпАтауыҒылыми транскрипцияҒылыми транслитерацияПрактикалық транскрипция
IPAкириллDINлат.қазақ.
ـًтәнуин-фәтха/an/анanан, ән
ًى‎◌/an/әнanан, ән
ـٌтәнуин-дамма/un/унunун
ـٍтәнуин-кәсра/in/инinин


Басқа белгілер

ӘріпАтауыҒылыми транскрипцияҒылыми транслитерацияПрактикалық транскрипция
IPAкириллиDINлат.орыс.
ْ‎◌сукун/Ø/
ّшәддадауыссызды екі еселеудауыссызды екі еселеу
ٱуасл һамзасы/ʔ/◌’
ؐуасла/Ø/

Мысалдар

  • مُحَمَّدٌ [muḥammadun] — Мухаммадун. Қазақ арасында Мұхаммед, Махамбет, Мұқамбет, Мұхамед, Мәмбет, Мәмет және т.б. қолданылады (Қазақша Уикипедияда көбінесе Мұхаммед деп қолданылады, мысалға: Мұхаммед пайғамбар, Мұхаммед әш-Шайбани).

Транслитерация кезінде араб сөзінің қай септікте екені есепке алыбайды. Мысал:

  • أبو عبد الله [Abu ′Abdillahi] — Әбу ′Абдиллə̃һи. Бірақ жазылғанда: Әбу Абдуллаһ деп беріледі.

Сонымен қоса соңғы харакаттар түсіп қалады:

  • زيدٌ [zaịdun] — Зәйдун, «Зәйд» деп жазылады.

Қамария әріптерімен басталатын сөздердің алдына «әл-» артиклі қойылады. Егер сөйлем басында болса — бас әріппен, ортасында — кіші әріппен. Мысалға:

  • الحاكم [al-Hakim] — «Әл-Хаким» болады, ал مستدرك الحاكم [jalasa al-Hakim] болса, «Мустадрак әл-Хаким» деп жазылады.

Егер «әл-» артиклі Шәмсия әріптеріне келсе, «әл» деп жазылмай, оның орнына қосарланып оқылатын шәмсия әрпі жазылады. Мысалға:

  • الشيباني [aš-Šaibaniịịu] — «Әш-Шайбани» деп жазылады, «әл-Шайбани» емес.

Бір буыннан тұратын араб сөздері қазақшаға жіңішке әріптермен беріледі (ح, ع, ر әріптерінен басқа). Мысал:

  • زيدٌ [zaịdun] — Зәйд; Зайд немес Зейд емес.
  • لَيْثٌ [laiṯun] — Ләйс; Лайс немесе Лейс емес.
  • فَهْد [fahdun] — Фәһд

Ал сөз екі буынды болса қазақшаға жуан әріптермен беріледі. Мысал:

  • منصور [manṣūrun] — Мансур, Мәнсур емес.
  • مروان [marụānu] — Маруан, Мәруан емес.
  • مرْيَم [marịamu] — Марйам (Марям), Мәрям емес.

Сөз екі буыннан тұрып, екінші буындағы дауыты дыбыс фатха немесе әлиф болса, бірінші буыны жіңішке, екіншісі жуан беріледі. Мысалға:

  • زيْنَب [zaịnabu] — Зәйнаб, Зайнаб емес
  • سلمان [salmānu] — Сәлман, Салман емес
  • ليلى [laịlā] — Ләйла

Ал екінші буындағы дауысты дыбыс кәсра немесе дамма болса, екі буын да жіңішке әріппен беріледі:

  • جابر [dʒābirun] — Жәбир, Жабир емес.
  • يزيد [ịazīdu] — Язид (Йәзид), Йазид емес.

«Ибн» (ұлы, баласы) сөзі арабтар بْنُ [bnu] деп қысқартқанымен, «ибн» деп толығымен жазылуы керек:

  • أحمد بن حنبل [Ahmadu bnu Ḥanbala] — Ахмаду′бну Ханбала болғанымен, Ахмад ибн Ханбал деп жазылады. «Ибн» сөзінің орнына «бен» деп қолдану — қате (мыс.: Салих бен Ғаним), себебі «бә′» әрпінің кәсрасы жоқ, сукунды.

«Әбу» сөзі қазақ тіліне септігіне қарамастан бірқалыпты беріледі. Мысалға:

  • ابن أبي شيبة [ibnu abī Šaịbata] — Ибну Әби Шәйба болғанымен, Ибн Әбу Шәйба деп жазылады.

Сөздің соңында қосарланған дыбыстар соңғы харакат сияқты түсіп қалады. Мысалға:

  • أبو ذرّ [abu Ḏarri] — Әбу Зар деп жазылады, Әбу Зәрр емес.
  • أبيّ [ubaịịun] — Убай, Убайй емес.

Қатыстықты білдіретін «-ий» жұрнағы сөздің соңында түсіріліп, тек кәсра ғана дыбысталады. Мысалға:

  • عليّ [Aliịịun] — Әли, Әлий емес.
  • الفرابي [al-Fārābiịịu] — Әл-Фараби, әл-Фарабий емес.
Жоғары