| Қаршыға Ахмедьяров | ||||||
| Туған күні | 25 наурыз 1946 | |||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған жері | Таңдай ауылы, Бақсай ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР | |||||
| Қайтыс болған күні | 7 маусым 2010 (64 жас) | |||||
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақстан | |||||
| Мемлекет |
| |||||
| Мамандықтары | сазгер, домбырашы, күйші | |||||
| Аспаптары | домбыра | |||||
| Жанрлары | күй | |||||
| Марапаттары | | |||||
Қаршыға Ахмедьяров (25 наурыз 1946, Таңдай ауылы, Бақсай ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР — 7 маусым 2010, Алматы) - күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі.
Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан. Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1967-1991 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедьяровтың репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогтық қызметпен шұғылданып, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қаршыға Ахмедьяров гастрольдік сапармен АҚШ, Франция, Италия, Үндістан, Венгрия т.б. көптеген елдерде болды.

Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасына қараған шағында тоқтады. Қаршыға ағаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы, Махаббеттің өрлігі бар Қаршыға ағаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлық күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. 1981 жылы АҚШ-қа барып күй тартқанда, американдықтар қазақтың Қаршығасын сахнадан жібермей тұрып алғаны да есте. Қаршыға Ахмедияровпен қоштасу Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрында өтті. Телеканал АЛМАТЫ 4 наурыздың 2016 жылы.
Талантты музыкант гастрольді сапармен дүние жүзінің көптеген елдерінде болып, қазақтың қара домбырасының әсем сазын танытты. Қазақ музыка өнерін дамытудағы жоғары шығармашылық жетістіктері үшін Қ.Ахмедьяровқа 1982 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы, 1992 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі атақтары берілді. 2000 жылы «Парасат» ордені мен марапатталды.
Шығармалары
«Шашақты найза, шалқар күй» атты кітабы, «Нарын», «Қуаныш», «Сағыныш», «Нұрғиса», «Қыз-ғұмыр», «Аққайың», «Желдірме», «Алтын ұя», т.б. күйлері бар. Сонымен қатар, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты күйшілердің күйлерін жинап, "Атырау" деген күйлер жинағын жарыққа шығарды. «Сарыарқа», «Жігер», «Әсем қоңыр», «Шынар», «Табыну» атты күйлер жинағы жарық көрді. 500-ден аса күйлері радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.
- 25 наурызда туғандар
- 1946 жылы туғандар
- 7 маусымда қайтыс болғандар
- 2010 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Алфавит бойынша музыканттар
- Қазақстан халық әртістері
- Күйшілер
- Тұлғалар