| Қадыр Қуанышев | |
| Туған күні | 1906 |
|---|---|
| Қайтыс болған күні | 1938 |
| Азаматтығы | |
| Ұлты | Қазақ |
| Қызметі | Қазақ АКСР Мемлекеттік Жоспарлау Комитеті энергетика секторының меңгерушісі, Кеңес жазушылары Одағы басқармасының жауапты хатшысы, кейін “Социалистік Қазақстан” газетінің редакциясында қызмет атқарды |
Қадыр Қуанышев (1906 жыл – 1938 жыл) – партия және қоғам қайраткері.
Еңбек жолы
1932 жылдың шілдесінен – Қазақ АКСР Мемлекеттік Жоспарлау Комитеті энергетика секторының меңгерушісі. КСРО жазушылары одағы басқармасының жауапты хатшысы, кейін “Социалистік Қазақстан” газетінің редакциясында жұмыс істеді.
Қуғын – сүргінге ұшырауы
1937 жылы жалған айыпталып, қуғын–сүргінге ұшырады. Сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шамамен, 1938 жылдың ақпан – наурыз айында Норильск лагерінде қаза тапты. 1959 жылы ақталды.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1906 жылы туғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары