| Жағалбайлы тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Ұзындығы | 20-25 км |
| Ені | 10 км |
| Биіктігі | 900-1000 м |
| Орналасуы | |
| 47°50′44″ с. е. 82°10′07″ ш. б. / 47.84556° с. е. 82.16861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°50′44″ с. е. 82°10′07″ ш. б. / 47.84556° с. е. 82.16861° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Жағалбайлы – Тарбағатай жотасының солтүстігінде, Бұғаз және Базар өзендерінің аралығындағы тау.
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Ұзындығы 20 – 25 км, ені 10 км. Биіктігі 900 – 1000 м аралығында.
Жер бедері
Беткейлері жайпақ, оңтүстік-шығыс бөлігі биік жартасты, тас жыныстары шығып жатады.
Өсімдігі
Қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы, басқа да шөптесін өсімдіктер өседі. Жағалбайлының бөктеріндегі Сарыбұлақ, Ақтүбек қыстаулары мал жайылымына пайдаланылады.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Тарбағатай ауданы таулары

