| Қозыбасы | |
Қозыбасы тауының бөктері | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Жетіжол жотасы |
| Ұзындығы | 12 км |
| Ені | 2,5 км |
| Биіктігі | 1149 м |
| Орналасуы | |
| 43°16′34″ с. е. 75°54′51″ ш. б. / 43.27611° с. е. 75.91417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°16′34″ с. е. 75°54′51″ ш. б. / 43.27611° с. е. 75.91417° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Қозыбасы – Жетіжол жотасының солтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны
Алматы облысы Жамбыл ауданы Дегерес ауылының шығысында 14 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1149 м. Ендік бағытта 12 км-ге созылған, енді жері 2,5 км.
Жер бедері
Беткейлері керпештеліп, адыр түзген. Олар сай-жыралармен тілімделген. Батысымен Сасық қайнараның жылғасы өтеді. Шығыс Соқырбұлақ өзенінің жылғалары бастау алады. Тауалды қоңыр топырағында таудың далалық өсімдіктері өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары

