Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Байтабын Дербасұлы (кейбір деректе Жоламанұлы) (туған жылы белгісіз — 1838) — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан батыр, хан жасауылдары

Байтабын Дербасұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Байтабын Дербасұлы (кейбір деректе Жоламанұлы) (туған жылы белгісіз — 1838) — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан батыр, хан жасауылдарының қолбасы.Табын руынан шыққан.


Кенесарының аса жауапты тапсырмаларын орындап отырған. Жасауыл бастығы ретінде қазақ рубасыларымен келіссөз жүргізіп, алым-салық жинаған. Жазалаушы отрядтармен болған қақтығыстарда ерлік көрсеткен. Байтабын Дербасұлы 1838 жылы Наурызбай қолының құрамында, Теке өзенінің бойында көшіп-қонып жүрген жаппас руынан зекет жинауға барғанда, көтеріліске қосылмаған Жанғабыл бидің қарулы қарсылығына кездесіп, 37 адамы шығын болған. Байтабын Дербасұлының іс-әрекеттері Н. Ахметбековтың “Жасауыл қырғыны” дастанында, І. Есенберлиннің “Хан Кене” романында суреттелген.

Жоғары