| Құм қоян | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||||
| Сурет:Status IUCN2.3 LC.svg Least Concern (IUCN2.3) | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Lepus tolai Pallas, 1778 | ||||||||||||||||
![]() Құм қоян ареалы |
Құм қоян (лат. Lepus tolai) – қоян туысының бір түрі.
Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді.
Құм қоян өсімдіктің 118 түрімен қоректенеді. Оның 66 түрі шөптесін өсімдіктер, 38 түрі бұталар, 14-і ағаш тектес өсімдіктер. Құ мқоян қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығу қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қоян – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады. Көжегінің дене тұрқы 11 см, салм. 85 – 95 г болады. Құм қоян жыртқыш сүтқоректілер (түлкі, шиебөрі, қасқыр, дала мысығы, т.б.) мен құстар (бүркіт, жамансары, қарақұс, кезқұйрық, үкі, т.б.) аулап, қорек етеді. Көбейіп кетсе бау-бақшаға едәуір зиян келтіреді. Сондай-ақ, кейбір жұқпалы ауруларды таратады. Терісі жеңіл өнеркәсіпте пайдаланылады.
- Қауіптен тыс түрлер
- Қояндар
- 1778 жылы зерттелген жануарлар
- Азия сүтқоректілері
