Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. / 63.00000; -135.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000°

Юкон (территория)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Канада территориясы
Юкон
ағылш. Yukon

Юкон
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Канада

Кіреді

Солтүстік-батыс Канада

Әкімшілік орталығы

Уайтхорс

Премьер-министр

Сэнди Сильвер

Комиссар

Анжелика Бернар

Тарихы мен географиясы
Координаттары

63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. / 63.00000; -135.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. / 63.00000; -135.00000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

13 маусым 1898

Жер аумағы

482,443 км² (4,8 %, 9 орын)

Биіктігі
· Ең биік


5959 м

Уақыт белдеуі

UTC−7:00

Ірі қаласы

Уайтхорс

Экономикасы
ЖІӨ
· орын

CA$3.089 миллиард (2017)
13 орын (3 орын)

Тұрғындары
Тұрғыны

40,232 адам (2021)(0,1 %, 13 орын)

Тығыздығы

0.08 адам/км²

Ресми тілі

ағылшын
француз

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

CA-YT

Пошта индекстері

YT

Интернет-үйшігі

.yt.ca

gov.yk.ca

Юкон Ортаққорда Координаттар: 63°00′00″ с. е. 135°00′00″ б. б. / 63.00000° с. е. 135.00000° б. б. / 63.00000; -135.00000 (G) (O) (Я)

Юкон (ағылш. Yukon [ˈjuːkɒn], фр. Yukon [ju.kɔ̃]) — Канаданың солтүстік-батысында орналасқан территория. Юкон Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең кішісі және ең батыста орналасқан территория болып табылады. Сондай-ақ, 2021 жылғы халық санағы бойынша 40,232 тұрғынмен Юкон Канаданың халқы ең аз екінші провинциясы немесе территориясы болып табылады. Юконның астанасы Уайтхорс үш территориялардың ішіндегі ең ірі елді мекен болып табылады.

Сөз төркіні

Территория Юкон өзенінің атымен аталған, бұл өзен Юкондағы ең ұзын өзен болып табылады. Атаудың өзі Гвичин тіліндегі chųų gąįį han сөз тіркесінің қысқаруынан шыққан және «ақ сулы өзен» деген мағынаны білдіреді.

Демография

Халық саны

2016 жылғы халық санағы бойынша Юконның халық саны 35,874 құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 5.8 пайызға көп. 2011 жылы 474,712 км² жер аумағымен Юконның халық тығыздығы 0.1/km² құрады, бұл Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең көп көрсеткіш. Канада статистикалық басқаруы Юконның 2021 жылғы 3-тоқсандағы халқын 43,095 деп бағалады, бұл 2016 жылғы санақпен салыстырғанда 17,5 пайызға көп. Бұл Канаданың кез келген провинциясы немесе территориясы үшін ең үлкен пайыздық өсім.

Ұлты

Юконның ең ірі этникалық топтар (2016 жылғы санақ)
# Ұлт Саны Пайыз
1 Ағылшындар 9,680 27.57%
2 Канаданың жергілікті халқы (Үндістер) 8,665 24.68%
3 Канадалықтар 8,640 24.61%
4 Шотландтықтар 8,295 23.63%
5 Ирландықтар 6,930 19.74%
6 Немістер 5,575 15.88%
7 Француздар 5,040 14.35%
8 Украиндар 2,200 6.27%
9 Нидерландтықтар 1,760 5.01%
10 Норвегтер 1,380 3.93%

Тілі

Юконда ең көп таралған ана тілдер (2011)
# Тіл Халық саны Пайыз
1. Ағылшын 28,065 82.9%
2. Француз 1,455 4.3%
3. Неміс 805 2.4%
4. Тагаль 425 1.3%
5. Каска 265 0.8%
6. Солтүстік Тутчоне 200 0.6%
7. Испан 180 0.5%
8. Оңтүстік Тутчоне 140 0.4%
9. Нидерланд 130 0.4%
10. Қытай 130 0.4%

Діні

Юкондағы діни сенімдер (2011 жылғы санақ)
Дін Ұстанушылар саны Жалпы халық санынан пайызы
Дінсіздер16,63549.92%
Христиандар15,37546.14%
Аборигендік діндер3951.19%
Буддистер2900.87%
Индустар1650.5%
Сикхтар900.27%
Мұсылмандар400.12%
Иудейлер200.06%
Басқа діндер3000.9%
Жалпы33,320100%
Жоғары