Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Гарри С. Трумэн (ағылш: Harry S. Truman; 8 мамыр 1884 жыл, Ламар, Миссури штаты – 26 желтоқсан 1972 жыл, Канзас Сити, Миссури штаты) — мемлекет қайраткері, АҚШ-

Гарри Трумэн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гарри Трумэн
ағылш. Harry S. Truman
Гарри Трумэн
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ-тың 33-президенті
Ту
Ту
12 сәуір 1945  20 қаңтар 1953
Вице-президент Олбен Баркли
Ізашары Франклин Рузвельт
Ізбасары Дуайт Эйзенхауэр
Ту
Ту
34-ші АҚШ Вице-Президенті
Ту
Ту
20 қаңтар 1745  12 сәуір 1945
Президент Франклин Рузвельт
Ізашары Генри Уоллес
Ізбасары Олбен Баркли
Өмірбаяны
Партиясы АҚШ-тың Демократиялық партиясы
Дүниеге келуі 8 мамыр 1884 (1884-05-08)
Ламар, Миссури штаты, АҚШ
Қайтыс болуы 26 желтоқсан 1972 (1972-12-26)(88 жас)
Канзас Сити, Миссури штаты, АҚШ
Әкесі Джон Андерсон Трумэн
Анасы Марта Эллен Трумэн
Жұбайы Бесс Уолесс Трумэн
Балалары Маргарет Трумэн
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Гарри Трумэн Ортаққорда

Гарри С. Трумэн (ағылш: Harry S. Truman; 8 мамыр 1884 жыл, Ламар, Миссури штаты – 26 желтоқсан 1972 жыл, Канзас Сити, Миссури штаты) — мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 33-президенті (1945 – 1953). Фермер отбасында дүниеге келген. Кеңсе, есеп қызметкері, фермер, дүкеннің еншілес қожайыны болды.

  • 1914 – 18 жылы бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты.
  • 1926 – 34 жылы Миссури штатындағы округтік соттың төрағасы болды.
  • 1934 – 44 жылы сенатор болды.
  • 1945 жылы қаңтарда Демокр. партиядан АҚШ вице-президенті болып сайланды.
  • 1945 жылы сәуірден бастап (президент Ф.Д. Рузвельт қайтыс болғаннан кейін)
  • 1953 жылдың қаңтарына дейін АҚШ президенті болды.
  • 1945 жылы тамызда жапон қалалары Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларын тастау жөнінде бұйрық берді. Трумэн доктринасының, Маршалл жоспарының, НАТО-ны, т.б. әскери блоктарды құрудың бастамашысы болды.
Жоғары